Қосымша
қосымша
Павлодар облысы Ертіс ауданы «Қоскөл» жалпы орта білім беру мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі Беспаева Зауреш Космановнаның «Ата- ана махаббатының даналығы» атты бастауыш сыныптағы ата-аналар жиналысы
Өткізілу формасы: әңгімелесу.
Мақсаты: балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау, ата-аналардың мінез-құлқын талдау және балаға деген сүйіспеншіліктің жағымды түрлеріне назар аудару.
Міндеттері:
ата-аналардың балаға тәрбиелік әсер етуінің жағымды жақтарын қарастыру;
ата-аналардың санасына олардың ата-ана махаббатын сөзсіз көрсету қажеттілігін жеткізу;
ата-аналардың бала – ата-ана қарым-қатынастарының эмоциялық құрамдас бөлігінің маңыздылығы туралы түсінігін кеңейту;
ата-аналар мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын жақсарту, олардың бірлескен қызметінің ауқымын кеңейту.
Қажетті құрал-жабдықтар: презентация көрсететін интерактивті тақта; сөздері бар парақ-сәулелер, ата-аналарға арналған жадынамалар, күн дискісі сызылған плакат; «Біз қандай ата-анамыз» деген тест сұрақтары.
Жиналыстың барысы:
Кіріспе. Фариза Оңғарсынованың «Бала» өлеңі. Бала сүйсең, жаныңда таң атады,
сәбисіздің жазылмас жара табы.
Жақсы бала дос-жарды сүйсіндіріп, жаман бала жауыңа талатады.
Әке, шеше болу да – сынақ қатал, уын, балын күліп те жылап татар. Жақсы бала алысты жақындатып, жаман бала достан да жырақтатар. Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі, байқалмайды балаңның олқы жері.
Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды, жаман бала тірілей өлтіреді.
Баласызда Күн нұрсыз, жылдар мұнар, өзге мұраң – тайғанақ, шыңнан құлар. Жаман бала төбеңнен жай түсіріп,
жақсы бала жасартып нұрландырар. Түсіп талай бала үшін иірімге,
қорланбайсың біреуге иілуге.
Бұлт пен шуақ секілді жаныңа нәр балаң үшін күю де, сүйіну де!
І. Негізгі бөлім.
Отбасындағы қарым-қатынас туралы, ата-аналардың балаларына деген сүйіспеншілігі туралы айту ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтпайтындығы белгілі. Бұл тақырып барлық ата-аналарды, ата-әжелерді толғандыратыны сөзсіз. Отбасындағы бүгінгі қарым-қатынасты түсіну үшін ата-аналар жиналысын «Біз қандай ата-анамыз» атты тест жұмысын орындаудан бастауды ұсынамын, бірақ біз бұл тесттің нәтижесін дауыстап талдамаймыз. Қойылған сұрақтарға тез әрі ашық жауап беруге тырысыңыздар.
Бұл жұмыстың мақсаты – отбасындағы осы жағдайды қаншалықты дұрыс бағалайтындығыңызды анықтау немесе соған көз жеткізу болып табылады.
Мен сіздерге 14 сұрақ ұсынамыз, сіздер сол сұрақтарға тез және ашық жауап берулеріңіз керек. Сұраққа жауап бергенде «иә», «ішінара», «кейде»,
«жоқ» деген сөздердің бірін жазу керек.
Сіздің отбасыңызда балалармен өзара түсіністік бар деп ойлайсыз ба?
Балалар сізбен «шын жүректен» сөйлесе ме, «жеке мәселелер бойынша» кеңес сұрай ма?
Олар сіздің жұмысыңызға қызығушылық таныта ма?
Сіз балаларыңыздың достарын білесіз бе?
Балалар сіздермен бірге үй шаруасын орындауға қатыса ма?
Олардың үй тапсырмасын қалай орындайтындарын тексересіз бе?
Балаларыңызбен бірге қызығып орындайтын ортақ іс-әрекеттеріңіз немесе хоббиларыңыз бар ма?
Балалар отбасылық мерекелерге дайындыққа қатыса ма?
Балаларыңыз «Балалар мерекесіне» сіздің қатысқаныңызды немесе
«ересектерсіз» өткізгенді қалай ма?
Балаларыңызбен оқыған кітаптарды талқылайсыздар ма?
Теледидар бағдарламаларын немесе кітаптарды талқылайсыздар ма?
Сіз театрларға, мұражайларға, көрмелер мен концерттерге бірге барасыздар ма?
Балаларыңызбен серуенге, жорыққа шығасыздар ма?
Еңбек демалысыңызды балаларыңызбен бірге өткізгенді жақсы көресіз бе әлде ұнамай ма?
Нәтижелерді есептеу кезінде келесідей балл қою қажет:
«Иә» жауабына – 2б.
«Ішінара», «кейде» – 1б.
«Жоқ» жауабына – 0 б.
Жиналған баллдардың санын санап жазыңыздар. ІІ. Жиналыс тақырыбы бойынша жұмыс.
2. Тақырыптың өзектілігі
Ата-ананың махаббаты – баланың эмоциялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі. Өсе келе балалар «Сен мені жақсы көресің бе?» деген сұрақ қояды.
Біз қандай ата-ана болсақ та, бұл сұраққа әрдайым жағымды жауап бере аламыз ...
Ал шын мәнісінде біз баламызды қалай жақсы көреміз, тіпті жақсы көре аламыз ба, бұл туралы ойланбайтындығымыз сөзсіз. Өмір мен ғылым балалардың, демек, ата-аналардың да барлық қиыншылықтары отбасы тәрбиесінің қателіктерімен түсіндірілетінін дәлелдейді. Олардың бастысы махаббатымызды сөзбен айтпайтындығымызда және өз балаларымызды мадақтап, қолдауға қабілетсіздігімізде.
Бірақ бала үшін ең бастысы – оны қазіргі болмысында қабылдап, дәл осы түрінде жақсы көру болып табылады.
Психологтар мен мұғалімдер ата-ананың балаларға деген сүйіспеншілігінің көптеген түрлерін анықтады, жақсы көрудің арасында балаларды тәрбиелемейтіндері керісінше бүлдіретін түрлері де бар екені белгілі болды. Солар туралы толығырақ қарастырайық.
Елжіреу махаббаты.
Бұл инстинкті, жөнсіз, кейде аңқау махаббат. Ол неге әкеледі? Өз тұлғасына әрдайым елжіреу атмосферасында тәрбиеленген бала «болмайды»,
«қажет» ұғымдарын білмейді. Бала өзінің ата-ана алдындағы парызын білмейді, еңбек етуді қажеттілігін керектігін білмейді және түсінбейді. Ол өзіндік қажеттіліктері мен қалауы бар басқа адамдарды байқамайды және байқағысы келмейді. Баланың бойында ерте жастан бастап адамның ізгі ниеттері туралы теріс ұғым қалыптасады, ол адамға және адами қасиетке сенбейді.
Ұсақ іліктер және үнемі жазғырулар есту арқылы бала қаталданады. Бұл ата-аналардың өз билігін пайдалана алмауына байланысты болады.
Сатып алынған махаббат. Ата-аналар өз міндеттерін баланың барлық материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуде ғана көреді. Отбасында рухани бостық, маңызсыздық атмосферасы орын алған. Баланың ата-ана махаббатындағы тапшылығы қаншалықты көп болса, оның материалдық алмастырғыштарды алуға деген ұмтылысы да соғұрлым көп болады. Баланың бойында жанашырлық, мейірімділік деген ұғымдар мүлдем қалыптаспайды. Ересек болған шағында, басқа адамдармен қарым-қатынас құрған кезінде, балалар жалған құндылықтарды (ақша, материалдық тауарлар) таңдайды.
Топтық жұмыс.
Сіздер теорияны тыңдадыңыздар. Енді ата-ана махаббатының түрін тәжірибе жүзінде анықтауға тырысып көрейік (ата-аналарға мәтіндер ұсынылады, оларды оқиды және қай түрге жататынын анықтайды).
Эмоциялық индукция (тәжірибе деректері негізінде жүргізілген бақылаулар мен тәжірибелердің нәтижелерін болжаумен байланысты қорыту түрі).
Ата-ананың шын махаббаты қандай болуы тиіс? Біздің балаларымызға махаббаттың қандай көріністері қажет? Ата-аналар жұмыстың көптігіне, бос
еместігіне, балаларын тәрбиелеп отыруға уақыттары жоқ екеніне жиі шағымданады. Әлеуметтанушылардың жүргізген зерттеулері бойынша, ана мен әкенің балаларды тәрбиелеуге күн сайын небәрі 17 минут қана уақыттары болатыны анықталған.
Осы уақыт ішінде балаңызға не бере алатыныңыз туралы ойланып көріңіз.
Бүгін біз ата-аналардың тәрбиедегі қателіктерін талқыламаймыз. Біз балаларымызды қаншалықты жақсы көретінімізді туралы сөйлесейік.
«Баламды қалай жылытамын, оған деген сүйіспеншілігімді қалай көрсетемін?». Балаларымызға деген сүйіспеншілікті білдіретін күн көзі бейнесін жасауды ұсынамын. Өзіңізге қажетті сәулені таңдаңыз (сәулелерде махаббат, қамқорлық, құрмет, сүйіспеншілік және т.б. сөздер жазылған). Егер өзіңіздің тарапыңыздан басқа сәуле қосқыңыз келсе, таза сәуле мен маркерді пайдаланып жазыңыз.
Бізде не пайда болды? (Мен өз махаббатымды көрсетемін ...).
III. Қорытынды бөлімі.
Жиналыстың соңында мен сіздерге «өз балаңызды жақсы көру формуласын» сыйлағым келеді. Әрине, сіздердің ата-аналық махаббаттарыңызсыз, бұл формула жарамсыз болады.
Сөзсіз махаббат:
баланың сыртқы келбетіне,
оның артықшылықтары мен кемшiлiктерiне, қабілеттеріне,
сондай-ақ, бүгінгі мінез-құлықына да байланысты болмайды
Балаңызға «Мен сені жақсы көремін, біз әрқашан жаныңдамыз, біз біргеміз, біз бәрін жеңеміз» деген сөздерді айтып отыруды ұмытпаңыздар.
Балаға деген махаббат формуласы (ата-аналарға арналған жадынама)
Ата-ананың шын махаббаты балалармен қарым-қатынаста айқын әрі жарқын көрінеді. Америка психологтары махаббаттың төрт қырын анықтады:
Баланы тыңдай білу. Баланың айтқанына қызығушылық танытқан ата- аналар шын мәнінде дана ата-аналар, өйткені олар балаға деген өз сезімдері мен тәжірибелерінің сан алуандығын білдіруге мүмкіндік береді.
Баланың сөйлеу мәнері. Егер балаңызбен нәзік, сүйіспеншілікпен және құрметпен сөйлесуді үйренбесеңіз, онда ол сізбен қарым-қатынас жасаудан аулақ болады.
Баланы жазалау әдісін білу. Дана ата-ана баланы теріс қылық жасағаны үшін жазалай отырып, есікті тарс жауып кетіп қалмайды. Оны өзінен итермейді, ата-ана махаббатына сендіре отырып, оның жанында қалады, бұл қайталанбайтынына сенім білдіреді.
Баланың дамуына көмек көрсету. Баланың өз күшіне сенімсіздік сезімімен өмір сүретінін есте сақтаңыздар. Сіздің мінез-құлқыңыз оған «Мен сені осы қалпыңда жақсы көремін. Мен әрқашан сенің жаңында боламын» дегенді білдіріп тұруы тиіс.
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектебінің» педагог-психологы – Кабошева Гүлнұр Беркутовна және әлеуметтік педагогы – Тастемірова Данагүл Рахатовна әзірлеген 5-6 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған
«Махаббат баспалдағы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
Мақсаты: «Адами ұстанымдардың бала тәрбиесіндегі құндылықтарды анықтау арқылы, отбасылық махаббат баспалдағын құру»
Міндеті:
ата-аналар өз ойларын ашық айтатын алаң құру;
ата-аналар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;
ата-аналарға бала тәрбиелеудегі құндылықтардың рөлін жеткізу. Қатысушылар: 5-6 сынып оқушыларының ата-аналары.
Жүргізілетін орны: Акт залы.
Акт залының безендірілуі: түрлі түсті шарлар, алдын ала дайындалған фотоальбом көрмесі, кіші алаңға арналған арнайы – отбасылық логотиптер.
Өткізу форматы: конференция немесе ата-аналардан құралған кіші алаңдар арқылы ой толғау.
Құрал-жабдық: интерактивті тақта, стақандар, құмыра, үлестірмелі қима қағаздар, микрофон, жадынамалар.
Тренинг алдында: https://youtu.be/BAYXIZHESFs - Омар Хаямның жанға жайлы сабырлы әуені.
Конференция-жиналыстың барысы.
«Махаббат баспалдағы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысын әлеуметтік-психологиялық қызметінің төрайымы, мектеп директорының сөзімен ашылады (Кіріспе сөз).
Әлеуметтік-психолоиялық қызмет.
Сәлеметсіздер ме Құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Махаббат баспалдығы» атты ата-аналар жиналысымызға қош келдіңіздер. Келесі бейнероликке көңіл- аударуларыңызды сұраймыз.
«Стақан» техникасы.
Алдарыңызда үш стақанда таза су тұр. Олардың әрқайсысын таза сезімдермен туған, әлі қалыптаспаған бала деп елестетіп көрейік. Бұл сіздің балаңыздың кіршіксіз таза жүрегі.
Бірінші стақанды алып, оны өзгеріссіз қалдырайық. Біз оған біздің назарымызға ілінбей кездейсоқ бір нәрсе түсуі мүмкін екенін нақты білмейміз.
Екінші стақандағы суға топырақ салып, араластырайық.
«Стақанда не қандай өзгеріс болды?».
Қатысушылардың жауабы: «Су ластанды және қара түске боялды». Үшінші стақандағы суға алтын ұнтағын қосамыз.
«Бұл стақандағы суда қандай өзгеріс болды?».
Қатысушылардың жауабы: «Су алтын ұшқындарымен жарқырады, ерекше көрініске ие болды.
Сонымен, алтын ұнтақтары Сіздің балаңыздың кіршіксіз жарқыраған көңілін көрсетсе, топырақ салғандағы лай су – тәрбиелеуде кедергілер кездесетінін білдіреді. Баланы назардан тыс қалдырып, қадағалау жасамасақ тәрбиедегі қиындықтар одан әрі көбейе береді. Біз ересектер, яғни ата-аналар баламызға айқайлау, ұрсу, оларға наразылық білдіру, қорлау тәрізді тек «лас» жағымсыз эмоциямызды көрсетсек, кейін бала бізге де дәл сондай позицияда жауап бере бастайды. Біз балаға деген махаббатымызды ашық көрсетіп, құрметпен, тәрбиемізге «алтын ұнтақты қосып отырсақ», кейін бала да бізге қайырымдылықпен, қоғамға деген жанашырлықпен жауап береді деген қорытынды жасауға болады.
Ата-ана болу ересек адам қабылдай алатын ең терең жауапкершілік сезім. Ең бастысы, ата-аналық парыздың ерекше рөлі – балаларын сүю және тәрбиелеу, сондай-ақ баланың бойында өзін-өзі жоғары бағалау және өзіне деген сенімділік сезімдерін қалыптастыру.
Талқылау сұрақтары:
Ендеше осы жиналысымызды СІЗ бен БІЗ болып махаббат баспалдағы арқылы тәрбиенің биік шыңы махаббаттан бастау алатын өркениетті, мәдениетті, иман жүзді тұлғаны қалыптастыру үшін, қатысушылар тарапынан қандай ӘРЕКЕТТЕР керек деп ойлайсыз?»
«Ашық микрафон» әдісі қолданылады, әр қатысушы өз ойын айтып ортаға салады.
Осыдан кейін АҚТ – Castlots.org – қосымшасы арқылы ата-аналар кездейсақ таңдау арқылы төрт алаңға бөлінеді.
Негізгі бөлім:
«Құмыра» жаттығуы.
Мақсаты: әр алаң құндылықтарының негізгілерін анықтап алып, отбасына лайықты деген құндылықтарды махаббат баспалдағының әр сатысына орналастыра отыра тәрбие шыңы махаббат мәресіне жету. Баланың үлкен өмір жолына бағыт-бағдар беру».
Жүргізілу барысы: Ата-аналар төрт ашық алаңға бөлініп отырады. Әр үстелдің үстінде қолдан жасалған 5 сатылы баспалдақ тұрады. Әр алаңға бірдей төрт құмыра беріледі. Құмыраның ішіне тәрбие үрдісінде кездесетін түрлі құндылықтар жиынтығы салынған.
1-құмырада:
«Үйден тыс жағдайда баламен жиі жеке сөйлесу»;
«Жағымды мінез-құлық ұстанымын ұстану»;
«Кешкі асты отбасымен ішу»;
«Отбасылық дәстүрге назар аудару»;
«Ана сүтімен дарыған – тіл»;
|
2-құмырада:
«Сабырлық»;
«Өзара түсінушілікпен қарау»;
«Отбасылық наным, сенімдер»;
«Қандай жағдайда да – адалдық таныту»;
«Әлеуметтік жағдай жасау»;
«Тайм менеджмент»;
|
«Тәрбие шыңы – махаббат»;
«Кино – TIME – көру, талқылау»;
«Даналық»;
«Бостандықты мағыналы ету»;
«Бақытты отбасы болу!».
|
«Әр кезде қолдау көрсету»;
«Қаржылық сауаттылыққа үйрету»;
«Болашаққа сеніммен қарау»;
«Ынтымақтастыққа баулу»;
|
3-құмырада:
«Шыдамдылық»;
«Әр күнге шүкіршілік»;
«Отбасылық тұрақтылық орнату»;
«Қоғамдағы орын»;
«Әр отбасы мүшесінің қызығушылықтарын ескеру»;
«Табысты жұмысқа бейімдеу»;
«Иман жүректі болу»;
«Бауырмалдық»;
«Қорқыныш сезіміне жол бермеу»;
«Үлкенге деген құрметті санасына сіңіру»;
«Атадан балаға» мұрасын бағалау».
|
4-құмырада
«Батыр, ержүрек ұрпақ тәрбиелеу»;
«Қылықтық, нәзіктікке баулу»;
«Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру»;
«Биік мақсаттар қою»;
«Туған жерге деген құрмет»;
«Ортаға сыйлы болу»;
«Досың – жан сырласың»;
«Өмірге деген құштарлық»;
«Өзін өзі жетілдіру»;
«Өмірде өз жолыңды табу»;
«Балаға қорған болу».
|
Ашық алаң қатысушыларына нұсқаулық: «Құмыраның ішінде түрлі құндылықтар бар. Сіздің өміріңізге, бала тәрбиесінде қай құндылықтар басым, сол құндылықтарды бесеуін негізге ала отырып – ақылдасып, бір шешімге келіп
өз ашық алаңыздың – «махаббат баспалдағын» құрасыздар?», яғни бұл жерде әр ата-анаға түрткі болатындай құндылықтар кездесіп, біраз тәрбие бағытына бағдар ала алады. Барлық қатысушыларға ортақ тақырып болған соң, өзара пікір алмасып, ой бөліседі. Үстелдің үстінде тұрған қолдан жасалған сатыға өз жауаптарын қою арқылы, әр алаң ата-аналарының ой-пікірлері тыңдалынып, сол құндылықтарды тізбектей келе махаббат шыңы баспалдағын анықтайды. Әр ашық алаңның жауаптарын естіп, тыңдап негізгі деген құндылықтарды шығарамыз. (Интерактивті тақтаның басты бетінде баспалдақтың суреті бейнеленіп тұрады).
Әлеуметтік-психологиялық қызметкері барлық ашық алаң қатысуышларының жауаптарын тыңдай келе экран бетіне бала тәрбиесіндегі негізгі құндылықтарды шығарады. Осындай жаттығулар арқылы ата-ана өзіне біраз ой-түйіп, бала тәрбиесіндегі негізгі құндылықтарды көре алады.
Осылайша ата-ана, бала, мектеп болып үштік одақта жұмыс жасап
«Махаббат баспалдағы» арқылы, ата-аналарға баланың өмірінде көрініс табатын негізгі құндылықтарды көрсетеді.
Қорытынды: «Ата-аналарды бір алаңға біріктіру арқылы өмірде аса маңызы – бала тәрбиесіне көңіл-бөлуге, оны махаббат баспалдағы арқылы шығуға болатынын жеткізу, олар «ШЫДАМДЫЛЫҚ», «АНА СҮТІМЕН ДАРЫҒАН – ТІЛ», «ӘР КЕЗДЕ ҚОЛДАУ, ҚОРҒАН БОЛУ, ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ».
Ата-ана болу оңай емес, ата-ана болу үлкен өнер. Ол үшін – үлкен шыдамдылық, өз ана тіліңде сөйлеу, әр кезде қолдау көрсету, корған болу және де үнемі өзін-өзі жетілдіру қажет. Әр құндылықтың астарында терең ой бар.
Ата-аналарға «Махаббат баспалдығы» жадынамалары ұсынылады.
«Ашық микрофон әдісі». Талқылауға арналған сұрақтар:
Жаттығу барысында қандай кедергілер болды?
Жаттығу кезінде қандай сезімде болдыңыз?
Жаттығудан өзіңізге не алдыңыз?
Жаттығу соңында әр алаңнан бір өкіл қорытынды сөз сөйлейді. Рефлексия: https://youtu.be/ccbLepX0YHs
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі
Жангудина Раушан Файзуллинқызының
«Ел құндылығы – отбасылық тәрбиеде» тақырыбындағы ата-аналар
жиналысы
Күн тәртібінде:
1-тоқсанның қорытындысы.
«Зерде» интеллектуалды сайысы.
Әртүрлі мәселелер
Кіріспе сөз.
Балаларды саналы, сергек етіп тәрбиелеу – отбасының, білім беру ұйымдарының және қоғамның бірден-бір парызы, асыл мұраты. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы – ата- ана. «Балапан ұяда нені көрсе , ұшқанда соны іледі», - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды , болашақ өркениетке қосар үлесі зор болады. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады.
Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен, бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен, сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз байланысты. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.
Психологиялық тренинг.
Алдымен бәріміз дөңгеленіп тұрып, психологиялық ахуал орнатып алайық. Психологиялық тренинг «Менің түймедағым» деп аталады. Сіздердің
әрқайсыңызға түймедақ гүлін таратамын. Сіздер осы гүлдің ортасына өз балаңыздың атын жазып, күлтешелеріне өз балаңыздың жақсы қасиеттерін жазасыздар. Гүл сегіз күлтешеден тұрады, демек сегіз қасиетін жазыңыздар.
Келесі ойын «Көз жанарынан тану» деп аталады, үстелде балаларыңыздың көздерінің суреті бар, өз балаларыңызды жанарынан тани аласыздар ма, қазір соны байқайық. Бір-бірден келіп аласыздар (ауысып кетпес үшін, мен өзіме қарындашпен белгілеп қоямын).
Қиын ба?
Бәрі бірдей сияқты, бір-біріне ұқсас.
Сонда ата-аналар біз өз балаларымызды жанарынан тани алмайды екенбіз. Бұдан не байқауға болады деп ойлайсыздар?
Балаларымыздың жақсы қасиеттерін білгенмен, көз жанарынан айыра алмайды екенбіз. Әлі де болса балаларымыздың ішкі жан дүниесіне үңіле бермейтіндігіміз байқалып қалды. Күнделікті өмірде баламыздың ішкі жан дүниесіне мән бермейміз, жеке сөйлеспейміз, уақыт бөле қоймаймыз, тұра тұр, сосын деп артқа қалдырамыз.
Алдағы уақытта осы кемшіліктермен жұмыс жасауымыз керек.
Бүгінгі ата-аналар жиналысын «Зерде» интеллектуалды сайысы түрінде өткіземіз.
Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәлім, тәрбие табар ма? Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға – сол алда.
Қатысушыларды «Ойшылдар» және «Тапқырлар» атты 2 топқа бөлу.
«Ойшылдар»
Ұраны: Білегіңе сенбе, біліміңе
сен
|
«Тапқырлар»
Ұраны: Күш білімде, білім кітапта
|
І «Ширату» сайысы.
Әр топқа алты сұрақтан қойылады. Сұрақтарға тез және дұрыс жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
«Ойшылдар» тобының сұрақтары:
А. Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? (45).
Мәңгі жасыл өсімдік (шырша).
Ең алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров).
Ересек адамда неше тіс болады? (32).
Биылғы жыл қандай жыл деп аталады? (Балалар жылы).
Мектебіміздің кітапханасы қай қабатта орналасқан? (1 қабатта).
«Тапқырлар» тобының сұрақтары:
М. Әуезов жазған тұңғыш эпопея (Абай жолы).
Ең ірі құс? (түйеқұс)
Қазақтың бұлбұлы, күміс көмей, әншісі кім? (Р. Бағланова).
Көкжиектің төрт тұсын ата (Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс).
Жер макеті қалай аталады? (Глобус)
Мектебіміздің спортзалы қай қабатта орналасқан? (2 қабатта)
ІІ «Суретке тіл бітсе…» сайысы. Сайыскерлер қоржында жасырылған суреттің бірін алады. Суретке қарап шағын әңгіме құрастыру керек.
Бірінші сурет – «Менің отбасымның құндылықтары».
Екінші сурет – «Ұлттық құндылықтарымыз». Қамшы, киіз үй, домбыра, бесік туралы білетіндерін қағаз бетіне түсіреді.
III «Жағдаятан шығу»
«Ойшылдар» тобына
Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы орындамап едім, апай сұраса, «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы - деп балаңыз өтініш айтты.
Осы жағдаятқа қандай шешім шығаруға болады?
|
«Тапқырлар» тобына
Балаңыз мектептен өз қуанышын жасыра алмай, үйге айғайлап кірді:
– Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым.
|
Ата-аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын (қуаныштарын, реніштерін нақыл сөздерді қолданып ) көрсетеді.
Қорытынды.
Ата-анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі. - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміті, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді де саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Кері байланыс. Ата-аналар өз ұсыныстарын, жиналыстан алған әсерлерін жазады. Ұсыныстар алдағы жиналыста ескеріледі.
Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................
|
3
|
1
|
Ата-аналар жиналыстары: мақсаты, міндеттері, функциялары........
|
4
|
2
|
Ата-аналар жиналысын өткізудің шетелдік және отандық тәжірибесі..............................................................................................
|
7
|
3
|
Республиканың орта білім беру ұйымдарында жаңа форматта ата- аналар жиналыстарын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар.....
|
9
|
Қорытынды.......................................................................................................
|
20
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................
|
21
|
Қосымша...........................................................................................................
|
22
|
Орта білім беру ұйымдарында жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Әдістемелік ұсынымдар
Басуға 15.11.2022 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16.
Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 4.
Достарыңызбен бөлісу: |