Педагогтерді аттестаттау Педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттау «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) сәйкес жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 410-VI ҚР Заңымен білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау институты енгізілді.
Білім беру ұйымы жыл сайын ұсынылатын білім беру қызметтерінің МЖМБС талаптарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау жүргізеді және білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне өзін-өзі бағалау материалдарын ұсынады.
Өзін-өзі бағалау: талдауды, ішкі бақылауды, диагностиканы, жоспарлау құралдарын, білім беру қызметін жақсартудың түзету механизмдерін қамтиды.
Білім беру ұйымдары білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды ҚР БҒМ 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ 2021 жылғы 26 шiлдедегі №366 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын пайдалана отырып жүргізеді.
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілді:
Конкурсқа қатысу үшін қатысушы ақпараттық Министрлік жүйелері электрондық форматта мынадай құжаттарды (материалдарды) қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді:
оқыту тіліндегі портфолио;
бір бейнесабақ ұзақтығы 7 (жеті) минут (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), бейнесабақ ұзақтығы 15 (он бес) минут (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін) сабақ жоспарын ұсына отырып, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес;
топ мүшелері конкурсқа қатысушылардың өз тобына бөлінген әр портфолиосын бағалайды;
бағалауды комиссияның барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес жүргізеді;
комиссия тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;
конкурсқа қатысушылар алынған баллдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;
Комиссия отырысында орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған конкурсқа қатысушылардың қорытынды балдары есептеледі, осының негізінде комиссия шешім қабылдайды;
конкурсқа қатысушыларда баллдар тең болған кезде шешім Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады;
комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
Ұсынылған құжаттарда (материалдарда)плагиат анықталған кезде
Комиссия педагогті конкурстың одан әрі кезеңінен шеттету туралы хабардар етеді. Хабарлама педагогтің жұмыс орны бойынша білім беру ұйымына еркін нысанда жіберіледі.
Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
І кезең-аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгей ағымдағы жылдың қыркүйегінде өткізіледі;
ІІ кезең - облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Астана) деңгей – ағымдағы жылдың қазан айында;
ІІІ кезең – республикалық деңгей-ағымдағы жылдың қараша айында.
Байқаудың ІІІ кезеңі екі турда өткізіледі:
бірінші тур: Республикалық комиссия мүшелерінің конкурсқа
қатысушылардың материалдарын қарауы; екінші тур: Министрлік айқындайтын білім беру ұйымдарында конкурсқа қатысушы күндізгі форматта өткізетін сабақты (сабақты) Республикалық комиссия мүшелерінің бағалауы.
Квотаға сәйкес Республикалық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 64 конкурсқа қатысушы Байқаудың III кезеңінің жеңімпаздары болады: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері 10 адамға дейін, Орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері 34 адамға дейін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтері 20 адамға дейін.
Алғаш рет конкурсқа қатысушылардың өтініштерін қарау бойынша апелляциялық комиссия құрылды.