Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



бет12/154
Дата09.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#42012
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   154
Ақпараттық жүйені таңдау өте маңызды мәселе, себебі материалды игеру сапасы платформадағы білім мазмұнына байланысты.

Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Оқу процесі әртүрлі режимдерде өтуі керек: онлайн режимінде, оқу ісшаралары мен мұғаліммен қарым-қатынас АКТ-ны қолдана отырып нақты уақытта жүзеге асырылады; асинхронды форматта, бұл балаға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.


  • Оқу материалдарының сапасына сыни тұрғыдан қарау ұсынылады.

  • Мәтіннің көлемі аз болуы керек. Егер тақырып білім алушыны қызықтырған болса, қосымша материалдың болуы туралы ескертулер жасай отырып, мәтінде ең маңызды нәрсені қалдыру керек.

  • Мәтінді бөліктерге бөлу керек.

  • Ақпараттық графикасы бар мәтіндерді қолданған жөн, өйткені визуализация материалды жақсы түсінуге және оны есте сақтауға мүмкіндік береді.

  • Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігі бойынша теңдестірілуі тиіс

Қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін білім алушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату қажет. Ата-аналарға қашықтан оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, нұсқаулық/жоспар әзірлеу ұсынылады, онда мұғалім, ата-аналар, сабақ барысында оқушы орындайтын іс-әрекеттер нақты жазылуы керек

1.5. Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері


Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқыту қарастырылады. Үйде жеке тегін оқытуға «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ - 34 бұйрығына сәйкес үйде оқыту мерзімі көрсетілген баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады. Үйде оқыту мерзімі баланың сырқатына байланысты дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында көрсетілді.
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін 1-11 сыныптарға арналған бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарлары «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (53-60-
Қосымшалар; толықтыру ҚР Білім және ғылым министрінің 26.01.2022 №25 бұйрығымен енгізілген).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет