Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУ



бет142/154
Дата09.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#42012
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   154
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

30. ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУ


Арнайы мектептерде / сыныптарда оқу-тәрбие процесін қамтамасыз етудің негізгі нормативтік-құқықтық актілері
2022-2023 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру кезінде арнайы мектептер Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарын басшылыққа алуы және оқу процесін мынадай нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:

  • «Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 жылғы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулармен 28.08. 2020 жылғы № 372);

  • «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар 26.01.2022 жылғы № 25);

  • «Жаңартылған мазмұн бойынша бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін, жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім беру үшін үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 03.04. 2013 жылғы №115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулармен 20.09.2017 жылғы № 352 бұйрығы, 20.09.2018 жылғы № 469 бұйрығы, 05.04. 2020 жылғы № 51 бұйрығы, 01.04. 2022 жылғы № 123 бұйрығы);

  • «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 30.10.2018 жылғы № 595 бұйрығына 29.12.2018 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен 2021 жылғы №

614);

  • «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 жылғы № 70 өзгерістер мен толықтырулармен 29.12.2017 жылғы № 662);

  • Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау ережелері (ҚР Білім және ғылым министрінің 12.01. 2022 жылғы № 4 бұйрығы);

  • Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау ережесі (ҚР Білім және ғылым министрінің 12.01. 2022 жылғы № 6 бұйрығы);

  • Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы (ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01. 2015 жылғы № 39 бұйрығына өзгертулермен және толықтырулармен

16.05. 2018 жылғы № 210).
Арнайы мектептерде / сыныптарда оқыту білім алушылардың дамуындағы кемдіктердің түрлері бойынша ұйымдастырылады:

  • есту қабілеті бұзылған балалар үшін;

  • көру қабілеті бұзылған балалар үшін;

  • сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін;

  • тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін;

  • психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі-ОЖБ);

  • ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі).

Арнайы мектептерге/сыныптарға білім алушыларды қабылдау «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
Арнайы мектептер болмаған жағдайда, жалпы білім беретін мектептерде «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 23890 болып тіркелген) көзделген сыныптардың толықтырылуымен бұзушылықтардың түрлері бойынша кемтар балалар үшін арнайы сыныптар құрылады) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) бекітілсін.
Білім алушыларды арнайы мектептен/сыныптан басқа білім беру ұйымына ауыстыру растайтын құжаттар негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет