3. ШЖМ-де білім беру сапасын арттыру бойынша келелі реформалар
Қазақстанда бірнеше жыл бұрын басталған және қазіргі кезеңде белгілі-бір аралық
нәтижелері бар көптеген жобалар мен бағдарламалар іске асырылуда. Олар туралы алдыңғы
тарауларда айтылды. Сонымен қатар, мақсаты ауыл мектептерінің, оның ішінде ШЖМ-нің
сандық-сапалық сипаттамаларын арттыру болып табылатын жаңа реформаторлық курстарға
бастамашылық етілуде. Бұл білім беру жүйесін басқару мен қаржыландырудың барлық
жүйесіне, барлық ауыл тұрғындары мен ауылдық жерлерге қатысты ауқымды өзгерістер,
сондай-ақ ШЖМ-ды қайта құруға бағытталған нақты өзгерістер, мысалы, «мобильді
мұғалімдер» және «уақытша отбасы» жобалары.
Достарыңызбен бөлісу: |