«Мобильді мұғалімдер»
131
2020–2021 оқу жылында ШЖМ-де «мобильді мұғалім» жобасын іске асыру
жоспарлануда.
Мобильді мұғалім – бірнеше елді мекендердің ШЖМ-де виртуалды алмасу,
жол жүру сипатындағы Педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагог
қызметкер. Жалпы білім беретін мектептің педагогы шалғайдағы ШЖМ-де қоғамдық-
гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық инварианттық компоненттің
сұранысқа ие оқу пәндері бойынша оқу сабақтарын жүргізуге мүмкіндігі болады.
Бүгінгі күні Қазақстанда ресми деректерге сәйкес ауылдық мектептерде 2 593
қосымша мұғалім, оның ішінде ШЖМ-1124 мұғалім бар. Осыдан ақылға қонымды сұрақ
туындайды: егер қосымша мұғалімдер болса, мобильді мұғалімдердің қажеттілігі неде?
Біріншіден, мобильді мұғалімге белгілі бір талаптар қойылады – жоғары білімінің,
кемінде үш жыл педагогикалық өтілінің, білім алушылардың оқу пәні бойынша және
сабақтан тыс уақыттағы оқу жетістіктерінің жоғары нәтижелерінің болуы шарт. Қосымша
мұғалімдер біліктілік санаты мен кәсіби тәжірибесі жоқ мұғалімдер де бола алады.
Екіншіден, мобильді мұғалімнің негізгі қызмет орны, ШЖМ мектебі сияқты оның
қызметіне бақылауды жүзеге асырады және мобильді мұғалімдердің жұмыс кестесін ескере
отырып, икемді кестені қарастырады. Қосымша мұғалімдердің мәңгілік басы ашық мәселесі
икемді сабақ кестесінің болмауы.
Үшіншіден, ШЖМ мобильді мұғалімі қозғалыс бағытын өзі анықтайды, білім
алушылардың оқу пәні бойынша үлгерімінің сапасын қамтамасыз етеді, оқу пәні бойынша
сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырады. Қосымша мұғалімдер үшін басты міндет-
сабақтар өткізу және пән мұғалімдерінің қажетті жағдайда орын-алмастыруын қамтамасыз
ету.
Осылайша, жобаның басты мақсаты білікті мобильді мұғалімдер арқылы ауылдық
ШЖМ білім алушыларының сапалы білім беру қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету
болып табылады. Алайда, болжамды жобада оң сәттер де, белгілі бір қауіптер де бар.
Жобаның артықшылығы МЖМБС орындау, ШЖМ сапалы білім беру қызметтеріне
қол жеткізу, ШЖМ жоғары білікті педагогикалық кадрларға қажеттілік проблемасын шешу,
қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайту,
ШЖМ мобильді мұғалімінің озық педагогикалық тәжірибесімен алмасу және тарату болып
табылады.
Жобаны іске асырудағы тәуекелдерге кедергі болатыны жобаны нормативтік-
құқықтық сүйемелдеудің болмауы, ШЖМ мобильді мұғалімінің жалақысын арттыру үшін
қосымша қаржыландырудың болмауы, ауылдар арасы мен күрт континенталды ауа райы,
үлкен қашықтыққа байланысты ықтимал форс-мажорлық жағдайлар жатады.
«Мобильді мұғалім» жобасынан басқа менеджмент, педагогикалық қолдау, оқу-
әдістемелік мазмұн және табысты тәжірибені тарату мәселелерінде «тиімділігі төмен ауыл
мектептеріне ірі мектептердің қамқорлығын» ұйымдастыру жоспарлануда.
131
«Мобильді мұғалім» жобасы бойынша материалдар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын
жинақты мектептерді дамыту орталығымен ұсынылды.
|