Білім беру саласындағы басқару жүйесін өзгерту
Тиімді және сапалы білім беру – білім беруді басқару жүйесін ұйымдастырудың
оңтайлылығына байланысты санаттар. Аудандық, қалалық және облыстық білім
беру органдарының жұмысы мен өзара іс-қимылы ұзақ уақыт бойы сарапшылар
қауымдастығының сынына айналды. Бүгінде барлық өңірлік білім басқармалары
әкімдіктерге бағынады.
2021 жылдан бастап білім беруді басқару өзгереді. Аудандар мен қалалардың барлық
білім бөлімдері облыстық басқармалар ведомствосына өтеді, бұл ҚР БҒМ-нен әрбір білім
беру мекемесіне дейінгі жолды қысқартады. Тиісінше, қаржыландыру облыс орталығынан
жүргізіледі. Өңірлік білім басқармаларының басшыларын аудандық және қалалық әкімдер
емес, облыстық білім басқармасының басшысы тағайындайды.
«Мысалы, Қостанай облысының өзінде 20 аудан мен қала бар, сәйкесінше, сонша
әкім бар. Білім бөлімдері облыстық білім басқармасының бақылауына өткен жағдайда
шешім қабылдау орталықтарының саны 20 есе қысқарады» – деп түсіндірді Білім министрі
А. Аймағамбетов
128
.
Басқарудағы өзгерістер білім беру ұйымдарындағы жағдайларды теңестіруге
көмектеседі. Қазақстанда оқу жетістіктерінің сапалық сипаттамасы өңірлер бойынша да, бір
ауданның немесе облыстың мектептері арасында да ерекшеленетіні белгілі. Басқару мен
қаржыландырудағы айырмашылықтарға байланысты кітаптар мен оқу материалдарымен,
жаңа модификацияланған кабинеттермен, компьютерлермен немесе жөндеу жұмыстарымен
қамтамасыз ету деңгейінде айырмашылықтар бар. Осыдан білім беру саясатын импле-
ментациялаудың тиімділігі бұзылады, қаржыландыруда сәйкессіздік орын алады және т.б.
Сондықтан басқару орталықтандырылып жүзеге асырылады, қаржыландыруды теңестіру
және арттыру кешенді түрде шешілетін болады.
Алайда, мұндай әкімшілік реформалау ҚР БҒМ-ге көп деңгейлі жүктеме әкеледі.
Ведомстволық министрлік өсіп келе жатқан міндеттерді қаншалықты тиімді орындаса,
барлық мектептердің жан басына шаққандағы қаржыландыруға қаншалықты тез және
ауыртпалықсыз көшетінін, білім беру мекемелерін цифрлық қамтамасыз ету аяқталатынын
және т.б. көрсетеді.
128
Со следующего года изменится система управления сферой образования – Аймагамбетов // https://bilimdinews.
kz/?p=112242
|