Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет8/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Міндеттері:

1. 

  Нормативтік-құқықтық  базаны,  Мемлекеттік  бағдарламалар  мен  жобаларды, 

қалалық  және  ауылдық,  оның  ішінде  шағын  жинақты  мектептер  арасындағы 

теңсіздікті  еңсеруге  бағытталған  негізгі  іс-шараларды  зерделеу  (тарихи  тәжірибе 

және заманауи ағымдар).

2. 

  Халықаралық және Ұлттық рейтингтік агенттіктердің зерттеу нәтижелері бойынша 

ауылдық  және  қалалық  мектептер  арасындағы  теңсіздіктің  масштабы  мен 

динамикасын айқындау. 



3. 

  Жаңартылған  білім  беру  мазмұны,  «Дипломмен  –  ауылға»,  «Ауыл  –  Ел  бесiгi», 

жан басына қаржыландыру, «мобильді мұғалім», «уақытша отбасы» сынды және 

тағы басқа жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жол ашатын факторларды 

анықтау. 

4. 

  Ресурстық  орталықтардың,  магниттік  мектептердің,  педагогикалық  шеберлік 

орталықтарының және басқаларының қызметтерін қарастыру, әрі олардың ШЖМ 

педагогтарына қандай әдістемелік, мазмұндық, әдіснамалық қолдау көрсететінін 

анықтау. 

5. 

  Цифрландыру  саясатына,  «Орта  білім  беруді  жаңғырту»  жобасы  мен  «Цифрлық 

Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындыларына, сондай-

ақ  мәжбүрлі  қашықтықтан  оқыту  жағдайындағы  ауыл  мектептерінің  бүгінгі 

таңдағы проблемаларына талдау жасау. 

6. 

  ШЖМ-де сапалы білім беру процессін қамтамасыз ету үшін мектеп, ЖАО, ҚР БҒМ 

басшылары қолданысқа енгізе аларлық саяси-басқарушылық шешімдерді ұсыну. 

Зерттеуде  Қостанай  және  Қарағанды  облыстарындағы  ШЖМ-ға  басты  назар 

аударылады.  Бұл  аймақтарды  таңдау  ШЖМ  және  ресурстық  орталықтардың  (тірек 

мектептердің)  көп  санының  осы  аймақтарда  шоғырлануына  байланысты  болып  табылады. 

Қатарынан  бірнеше  ШЖМ-ға  назар  аудару,  ШЖМ  сапасын  арттыруға  бағытталған 

3

  Cандық теңсіздікті қысқартпай, әлем тұрақты даму Мақсаттарына қол жеткізе алмайды // БҰҰ жаңалықтары, 11 маусым 



2020 жыл // https://news.un.org/ru/story/2020/06/1379942


7



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет