Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
кез-келген адамның білім
алу құқығын:
«білім адамның тұлғалық толық дамуына және адам құқықтары
мен негізгі бостандықтарына деген құрметтің арттырылуына
бағытталуы тиіс»
1
деп жариялайды.
Бүгінде қазақстандықтар қоғамның барлық салаларындағы теңгерімсіз теңсіздіктің
әлеуметтік шиеленістер мен жанжалдарға ұласуының куәгері болып отыр. Болашақ
теңсіздіктің негізі орта білім беру жүйесінде қаланады. Білім сапасының алшақтығы мектеп
түрлерінің бөлінісінде, негізінен қала мен ауыл мектептерінің арасындағы бөліністе жатыр.
Сондықтан бұл мәселе, Президент
Қ-Ж. Тоқаевтың
Қазақстан халқына бірінші, сондай-
ақ екінші жолдауында да назарға алынып, мектеп оқушылары үшін мүмкіндіктер теңдігін
қамтамасыз ету бойынша жүйелі шараларды әзірлеу қажеттілігі туралы баяндалды:
«Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы
білім алуы керек… Осыған орай, мемлекет қара пайым мектептерге
қолдау көрсетеді. Сонымен бірге бұл қадам қала мен ауыл
арасындағы білім беру саласындағы алшақ тықты қысқартуға жол
ашады»
2
.
Халықаралық салыстырмалы зерттеу және білім алушылардың білімін бағалау
ұлттық жүйелерінің мәліметтері бойынша, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы
алшақтық өсуде. Қазақстан оқушыларының білім жетістіктерін ұлттық және халықаралық
бағалау нәтижелерінің төмен болуы орта білім беруді элиталандыру курсын таңдауы,
ауылдық ісі ақсаған мектептердің, шағын жинақты мектептердің (бұдан ары – ШЖМ)
назардан тыс қалуы мен қаржыландырылмауы және тағы басқа түрлі факторлардың тікелей
салдары болып табылады. Мұндай жағдайлар ауыл жастарының қоғамның орта тобына
енуіне кедергі жасайды. Егер ауылдық білім берудің сапасы туралы мәселе шешілмесе,
онда ауыл жастарының дамудан кенжелеп қалу қаупі бар, олар білім беру жүйесі үшін де,
экономикалық жүйе үшін де проблемалар туғызатын болады. Өңірлік даму үшін маңызды
индустриялық және агроөнеркәсіптік кешендерді сапалы кадр-мамандармен қамтамасыз ету
мүмкін болмайды.
1
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. 10 желтоқсан 1948 ж. 26-бап // https://www.un.org/ru/documents/
decl_conv/declarations/declhr.shtml
2
2020 жылғы 1 қыркүйектегі мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты
Қазақстан халқына Жолдауы // https://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-glavy-gosudarstva-
kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-1-sentyabrya-2020-g
6
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
Достарыңызбен бөлісу: |