Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет82/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы



«Жаңғыртуға ілікпеген» немесе  ШЖМ-ге «жете алмаған» технологиялар

Алдыңғы тарауларда біз ШЖМ-ді АКТ-мен қамтамасыз етудің парадоксалды жағдайын 

сипаттадық.  ШЖМ-де  бір  компьютерге  4  оқушы  келеді,  қала  мектептерінде  бұл  көрсеткіш 

бір  компьютерге  11  оқушыдан  келетін.  Алайда,  егер  еліміздің  барлық  мектептерінде 

компьютерлердің жалпы санының 35%-дан астамы ауыстырып жаңартуды қажет етсе, онда 

ауылдық  мектептер  мен  ШЖМ-де  бұл  көрсеткіш  80%-ға  дейін  жетеді.  Қазақстанда  ШЖМ-

нің  70%-ға  жуығы  4  Мбит/с  төмен  жылдамдықтағы  интернетпен  қамтамасыз  етілген

138


Бірақ,  ақпараттық  платформаларда  берілген  цифрлық  білім  беру  ресурстарын  толыққанды 

пайдалану,  сабақтарды  қашықтықтан  немесе  онлайн  форматта  өткізу  үшін  Интернеттің 

мұндай жылдамдығы жеткіліксіз.

Жоғары сапалы жабдықтың және кең жолақты Интернетке қол жетімділіктің болмауы 

оқу,  ұйымдастырушылық  және  әдістемелік  сипаттағы  көптеген  проблемаларды  туындатып 

отыр.

Білім  берудегі  ресурстық  мәселелерді  шешу  1990-шы  жылдардың  соңында 



кезек  күттірмейтін  мәселе  болды,  2011  жылдан  бастап  білім  беруді  ақпараттандыру 

және  цифрландыру  бойынша  нақты  шаралар  қабылданды.  Тек  2016  жылдан  бастап 

цифрландырудың  мұқтаждықтары  үшін  жергілікті  атқарушы  органдар  шамамен  28 

миллиард теңге алды. Оның ішінде, 12 миллиард теңге – 6 152 мектеп үшін мультимедиялық 

жабдықтар  сатып  алуға,  12,1  миллиард  теңге  –  7  160  мектепті  интернетпен  қамтамасыз 

етуге,  тағы  4,4  миллиард  теңге  –  7  160  мектепті  цифрлық  білім  беру  ресурстарына  қосуға 

жұмсалды

139


Бірақ  қазіргі  уақытта  жағдай  күрделі.  Форс-мажорлық  жағдайлар  немесе  Н.  Талеб 

COVID-19  пандемиясы  мысалында  «қара  аққулар»  деп  атаған  факторлар  орын  алған 

тұста,  Е-learning  және  «Цифрлық  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламаларына  бөлінген 

миллиардтық  қаражаттардың  игерілгені,  ал  мектептердің,  соның  ішінде  ШЖМ-нің 

компьютерлік жабдықпен нашар қамтамасыз етілуі және әлсіз интернетті жағдайының ешбір 

өзгеріссіз қалғаны анықталып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет