Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


«Уақытша  Отбасы»  –  шағын  елді  мекендердегі  оқушыларды  оқыту  мен



Pdf көрінісі
бет78/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   111
«Уақытша  Отбасы»  –  шағын  елді  мекендердегі  оқушыларды  оқыту  мен 

тәрбиелеудің  интернаттық  жүйесінің  баламалы  нысаны.  Мектеп  жасындағы 

балаларды  бір  оқу  жылына  тәрбиелеуге  қабылдайтын  уақытша  отбасы,  олар  үшін 

толық жауапты болады.

Пилоттық  жобаның  мақсаты  –  шағын  елді  мекендердегі  балалардың  сапалы 

білімге қол жеткізуі, «уақытша отбасында» баланың өмір сүруіне оңтайлы, қолайлы 

жағдай  жасау  және  балаларға  отбасылық  қолайлылықты  сақтауға  ықпал  ететін 

психологиялық жайлылықты қамтамасыз ету, балаларды еңбекке дағдыландыру. Бұл 

балалар интернат жағдайындағыдай болмайды

134

.

Балаларды уақытша отбасына беру алгоритмі, критерийлері мен талаптары әзірленді, 



сәйкесінше  олар  мынадай  құжаттарды:  кандидаттың  ғана  емес,  жұбайының  немесе 

зайыбының  денсаулық  жағдайы  туралы  анықтаманы,  наркологиялық,  психиатриялық, 

туберкулез,  тері-венерологиялық  диспансерлерден  анықтаманы,  сотталмағандығы  туралы 

анықтаманы және басқаларды ұсынуы тиіс.

Осы  талаптардың  барлығы  орындалған  жағдайда  ғана  шешім  қабылданады  және 

ата-аналар,  «уақытша  отбасы»  және  мектеп  арасында  баланы  уақытша  отбасына  беру 

туралы  үшжақты  келісім  жасасады.  «Уақытша  ата-аналарға»  үміткерлердің  арасында 

дәрігерлер,  мұғалімдер,  мектеп  директорлары,  учаскелік  инспекторлар,  яғни  ақша  табу 

мақсатын көздемейтін, бірақ балалар үшін жақсы үй жағдайларын жасауға қабілетті адамдар 

тартылады.

132

  Наумова Н. Дети из малокомплектных школ СКО на период учёбы живут во «временных семьях» // https://baigenews.kz/



news/deti_iz_malokomplektnih_shkol_sko_na_vremya_uchebi_zhivut_vo_vremennih_semyah/

133


  Чернышова Е. В СКО проект «Временная семья» стал альтернативой пришкольным интернатам // https://express-k.kz/

news/na_mestakh/v_sko_proekt_vremennaya_semya_stal_alternativoy_prishkolnym_internatam-141999

134

  Испанова Н. Чувствуйте себя как дома // https://www.kazpravda.kz/fresh/view/chuvstvuite-sebya-kak-doma




61

ШЖМ білім беру сапасын арттыру бойынша келесі реформалар

3-тарау

Сондай-ақ,  бұл  жоба  тартымды,  өйткені  баланы  интернатта  ұстауға  жұмсалатын 

қаражат  уақытша  отбасына  қайта  бөлінеді.  Баланы  күтіп-бағуға  және  жалақыға  ақшалай 

қаражат  төлеуді  «уақытша  отбасының»  тұрғылықты  жері  бойынша  жергілікті  атқарушы 

органдар жүргізеді. 2019 жылы жалақы орта есеппен 45 мың теңгені және әрбір кәмелетке 

толмаған баланы ұстауға, оның ішінде витаминделген тамақтануға 7 АЕК-ті бөлінеді

135

.

Оқу  процесі  барысында  мектеп  инспекторлары,  учаскелік  инспекторлар,  әлеуметтік 



педагогтер,  психологтар  «уақытша  отбасыларда»  тұратын  балаларды  сүйемелдеп  жүруді 

жүзеге  асырады.  Отбасыларға  жүйелі  түрде  барады,  тұрғын  үй-тұрмыстық  жағдайларын 

тексереді.  Барлық  отбасыларда  сабақ  пен  демалыс  үшін  тиісті  жағдайлар  жасалғаны,  күн 

тәртібі  бақыланатыны  анықталады.  Балалар  оқитын  мектептер  «уақытша  отбасыларға» 

психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

2019 жылы жоба 6 ауданда енгізілді, 120-дан астам бала 101 отбасына қабылданды, 

2020  жылы  –  150  бала,  2021  жылы  «уақытша  отбасыларда»  тұратын  оқушылар  санын  –  

184-ке дейін, 2022 жылы – 217-ге дейін, 2023 жылы – 254, 2024 жылы – 282, 2025 жылы –  

314-ке дейін арттыру жоспарлануда

136


.

«Уақытша отбасы» идеясын ҚР БҒМ қолдады. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 

академиясымен  бірлесіп  жобаны  енгізу  бойынша  әдістемелік  ұсынымдар  құрастырылады. 

Бұл  аталған  жобаның  болашағы  туралы  куәландырады,  яғни  ол  аймақтағы  және 

республикадағы ШЖМ-ді одан әрі дамыту стратегиясын анықтауға көмектеседі.

135


  Жумалиева З. Проект «Временная семья» намерены внедрить по всей стране // https://liter.kz/3153-proekt-vremennaya-

semya-namereny-vnedrit-po-vsey-strane/

136

  «Солтүстік Қазақстан облысының 2019 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 



жылға арналған негізгі міндеттері туралы» Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың есебі // https://

izdatelstvo-sk.kz/new/otchyot-akima-severo-kazahstanskoj-oblasti-kumara-aksakalova/




62



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет