Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


«Нөлдік жаңғырту» немесе қаржыландыруы жоқ реформалар



Pdf көрінісі
бет80/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

«Нөлдік жаңғырту» немесе қаржыландыруы жоқ реформалар

Ауылдық білім беру жүйесінде бюджетте ешқандай қаржылық қаражат көзделмеген 

жобалар  іске  асырылуда.  Мысал  ретінде  ресурстық  орталықтардың  қызметін  және 

«мобильді мұғалім» жаңа жобасын келтіруге болады.

Тірек  мектептер  –  ресурстық  орталықтардағы  жұмысты  ұйымдастыру  бойынша 

барлық  жүктеме  олар  локализацияланған  мектептердің  басшылары  мен  педагогтарының 

мойнына түседі. Құжаттама мен есептілікті жоспарлау, енгізу жөніндегі негізгі қызметті тірек 

мектептердің  меңгерушілері  жүзеге  асырады.  Алайда,  мұндай  функционалдық  жүктеме 

үшін  төлем  жасалмайды.  ШЖМ-дан  оқушыларды  тірек  мектептерге  тасымалдау  жергілікті 

бюджеттерден  қаржыландырылуы  тиіс,  бірақ  көбінесе  мұндай  қажеттіліктерге  қаражат 

қалдық қағидаты бойынша бөлінеді. Сондықтан ШЖМ директорлары көбінесе оқушыларды 

ресурстық  орталыққа  өз  қаражаты  есебінен  апарады  немесе  балалар  бұл  орталыққа  жете 

алмайды. Дегенмен, ҚР 2020–2025 жылдарға арналған жаңа МБРОН бұрынғы сияқты, ШЖМ-

дағы білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды институттар ретінде тірек мектеп 

- ресурстық орталықтар желісіне үлкен үміт артады. 

«Мобильді мұғалім» жобасын табысты іске асыру үшін нормативтік сүйемелдеу және 

қаржылық  қолдау  қажет.  Арнайы  мәртебе  мен  жалақыға  үстемеақыны  құқықтық  бекітусіз, 

мобильді мұғалім қосымша мұғалімнен ерекшеленбейді. Әзірге жоба 2021 жылы ешқандай 

айқын  айырмашылықтарсыз  жүзеге  асырыла  бастайды.  Мобильді  мұғалім  өз  қаражатын 

ШЖМ-ге  дейін  жол  жүруге  жұмсайды  және  бірдей  жалақы  алады.  Әрине,  мұндай  тәсіл 

ШЖМ-дағы білім сапасының өзгеруіне әсер ете алмайды.

Жүйе  жеткіліксіз  қаржыландырумен  жұмыс  істей  алады,  бірақ  тек  инерция 

жағдайында.  Егер  жүйені  инерциялық  күйден  шығаратын  факторлар  пайда  болса,  жүйенің 

теңгерімсіздігі  орын  алса,  жеткіліксіз  қаржыландыру  әсері  күшейеді

137

.  Бұл  әсіресе  ұлттық 



және халықаралық агенттіктердің мектеп оқушыларының жетістіктерінің сапасын бағалаудан 

көрінеді.

137

  Двенадцать решений для нового образования. Доклад Центра стратегических разработок и Высшей школы экономики. 



Москва, 2018. – С. 15–16.


63

Саясат опциялары мен нұсқалары

4-тарау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет