TALIS-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижелері Қазақстан мұғалімдерінің
ЭЫДҰ елдеріндегі әріптестерімен салыстырғанда ең көп жұмыс істейтіндігін анықтады.
Қазақстандық мұғалімдердің негізгі мектептегі орташа жұмыс аптасы 48,8 сағатты құрайды,
оның 15 сағатында ғана сабақ береді. ЭЫДҰ елдерінде орта есеппен мұғалімнің жұмыс
аптасы 38,8 сағатты құрайды, оның 20 сағатын оқыту алады. Нақты оқытуға бөлінген уақыт
қазақстандық мұғалімдерде 5 сағатқа аз, бірақ олар 10 сағатқа көп жұмыс істейді
149
.
16-65 жас аралығындағы ересектердің функционалдық сауаттылығы (PIAAC) бойынша
алаңдатарлық нәтижелер байқалады. Жастардың дағдылары (25-34 жас) аға буынның
(55-65 жас) дағдыларымен бірдей, тіпті кейде одан да төмен
150
. Бұл төмендік көрсеткіші,
25-34 жастағы азаматтардың 50% жуығында жоғары білімі бар, ал 55-65 жастағы
адамдар арасында 27% жоғары білімі бар болған жағдайдағы айырмашылық. Бұл жалпы
қабылданған, әрбір кейінгі ұрпақтың жоғары нәтижелі көрсеткіш нормаларына сәйкес
келмейді. Біріншіден, бұл оқыту тәсілдерін өзгерту қажеттілігінің дәлелі. Екіншіден, дамыған
148
Results of the International Computer and Information Literacy Study (ICILS) 2018 // https://www.iea.nl/sites/default/
files/201911/ICILS%202018%20infographics%20final%20release%205%2011%2019.pdf; IEA International Computer and
Information Literacy Study 2018 International Report // https://www.iea.nl/sites/default/files/2019-11/ICILS%202019%20
Digital%20final%2004112019.pdf
149
TALIS 2018. Results // https://read.oecd-ilibrary.org/education/talis-2018-results-volume-i_1d0bc92a-en#page31
150
PIAAC. Казахстан. Ключевые результаты // http://piaac.kz/mobile/PIAAC_CN_rus.pdf
67
Саясат опциялары мен нұсқалары
4-тарау
елдердің білім беру жүйелері жалпы экономикалық дамумен қатар қарқын алып жатқан
кезде, Қазақстанда экономикалық өсу білім беру сапасын арттырудан алшақ жатыр
151
.
Халықаралық зерттеулер нәтижелері, қалалық және ауылдық білім беру ұйым-
дарындағы білім алушылардың елеулі дифференциалды айырмашылықтарын көрсетеді.
PISA-2018 нәтижелері қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының 22-ден
37 баллға дейінгі алшақтығын көрсетеді. Мұндай айырмашылықты білім беру сапасын
бағалаудың ұлттық жүйелері растайды. ОЖСБ-2019 нәтижелері қалалық және ауылдық
мектеп оқушылары арасындағы білім беру сапасының орташа есеппен 8 баллға алшақтығын
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |