Альтернатива 1. «Проблемаларды тану» (статус-кво)
Жаңа ғасырдың екінші онжылдығының соңы Қазақстан үшін бір мезгілде маңызды
және алаңдатарлық жағдайға айналды. 2018 жылы қазақстандық оқушылар білім беру
саласындағы халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысты (TALIS, PISA, PIAAC және
ICILS). 2019 жылы олардың нәтижелері жарияланды. Барлық төрт емтихан сәтсіз аяқталды.
Халықаралық зерттеулердің негізгі нәтижелерін келтірейік.
Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбі математика, оқу сауаттылығы және
IT-құзыреттер (PISA, PIAAC, ICILS) күрделілігі бойынша, тек 1 және 2 деңгейді місе тұтады.
Қазақстандық оқушылардың ақпараттық технологиялар саласында ең көп артта қалуы
байқалады. Халықаралық зерттеуге қатысқан 14 білім беру жүйесінің ішінде, қазақстандық
білім алушылар ең төменгі нәтижелерді көрсеткен
148
. IT-сауаттылықтың мұндай деңгейі
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүргізілген басқа зерттеулердің
нәтижелеріне әсер еткені сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |