Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет54/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Айман  Түкбаева  былай  дейді:  «бастауыш 

сыныпты елестетіп көріңізші, онда екі бала 2-ші сыныптан, бір бала 3-ші сыныптан және 

үш  бала  4-ші  сыныптан  отырады.  Яғни,  жиынтық  сыныптың  үш  параллельі  отырады. 

Мұғалім әр сабаққа үш сабақ жоспарын дайындайды. Егер оның төрт пәні болса, онда ол 

бір  жұмыс  күніне  12  сабақ  жоспарын  дайындайды!  Бірақ  ол  1  сабақ  үшін  жалақы  алады. 

Несі әділетті?»

95

Көптеген  мұғалімдер  мектептегі  іргелі  өзгерістерге  деген  асығыс  және  толық 



дайындықтың  болмауына  наразы.  Ауыл  мұғалімі  қалалық  мұғалімге  қарағанда  әлдеқайда 

көп  жұмыс  істейді,  өйткені  біріншіден,  ол  бірден  бірнеше  байланысты  пәндерді  жүргізуге 

мәжбүр,  екіншіден,  параллель  сыныптардың  болмауына  байланысты  бір  пән  мұғалімі 

5-тен  9/11  сыныптарға  дейін  сабақ  жүргізеді.  Сондықтан  сабақты  жоспарлау,  критериалды 

бағалау, БЖБ, ТЖБ үшін тапсырмаларды құрастыру, содан кейін оларды тексеру және бағалау 

бойынша үлкен жүктеме алады. Ал білім алушылардың білімін бағалау - бөлек мәселе.



«5  балдық  жүйе  және  қазіргі  бағалау,  алынған  білімнің  барлық  жиынтығын 

көрсетпейді». «Біз баға қоюды тоқтатқан кезде олар мүлдем оқуды тоқтатты. Содан 

кейін  біз  оларды  үйренуге  баулынғанша  көп  күш  жұмсадық.  Қазір  олар  үйреніп  қалған. 

Бірақ оларға бәрі бірдей ұнай бермейді». «Негізгі білім жоғалады. Сабақта барлығы жұмыс 

істейді. Егер бұрын олар «2» немесе «3» алмауға тырысса, қазір ол жоқ». «Оқушылар үй 

тапсырмасын орындауға мән бермейді, өйткені бұл бағаланбайды».

95

  Экспертное обсуждение на тему «Малокомплектные школы РК: проблемы и перспективы в качественном и цифровом 



измерениях». Аналитическая группа «Кипр». 1 октября 2019 года // http://agkipr.kz/archives/1489


45

Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы

2-тарау

«Балаларға БЖБ және ТЖБ жазу өте қиын, олар тапсырмаларды орындай алмайды. 

Олар  үшін  қиын,  стресс.  Бұл  мұғалімдердің  жиынтық  тапсырмаларды  дайындауға 

жеткіліксіз дайындалуымен байланысты. Әрі орындауға уақыт жоқ».

ҚР  Парламенті  Мәжілісінің  депутаты 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет