Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


 COVID-19 пандемиясы жағдайындағы орта білім беру жүйесі



Pdf көрінісі
бет65/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

2.5.2  COVID-19 пандемиясы жағдайындағы орта білім беру жүйесі

Барлық  мектептердің  төртінші  тоқсандағы  Қашықтықтан  оқытуға  мәжбүрлі  көшуінің 

көктемгі  эксперименті  білім  беру  жүйесінің  сабақтарды  онлайн  режимде  өткізуге  дайын 

еместігін анықтады. ҚР Білім министрі 



А. Аймағамбетов білім беру үшін үлкен сынақ кезеңі 

келгенін және Қазақстанда интернет сапасы 3 млн-нан астам мектеп оқушыларына тікелей 

эфирге шығуға және онлайн-стриминг арқылы оқуға мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді

107


Оқушылардың  қашықтықтан  білім  алуына  «Kundelik»,  «Daryn  Online»,  «Bilim  Land» 

интернет-платформалары бейімделді. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, қашықтықтан 

оқыту  кезінде  мұғалімдер,  оқушылар  мен  олардың  ата-аналары  негізінен  WatsApp 

мессенджерін,  Zoom,  Microsoft  Teams,  Google  Meet,  Classroom  және  т.  б.  платформаларын 

пайдаланды

108

.

105



  2019 жылғы «Орта білім беруді жаңғырту» жобасының қорытындысы // http://eduproject.kz/Отчеты/

106


  Аркин Д. Кредит на цифровизацию школ: деньги не потратили, государство ежедневно платит 458 $ штрафа // https://

www.caravan.kz/gazeta/kredit-na-cifrovizaciyu-shkol-dengi-ne-potratili-gosudarstvo-ezhednevno-platit-458-shtrafa-662201/

107

  Тукпиев Ж. Более 3 млн школьников перешло на дистанционное обучение в Казахстане // https://www.kazpravda.kz/



news/obshchestvo/bolee-3-mln-shkolnikov-pereshli-na-distantsionnoe-obuchenie-v-kazahstane

108


  Система образования Казахстана в условиях пандемии. Первые уроки // https://liter.kz/sistema-obrazovaniya-kazahstana-v-

usloviyah-pandemii-pervye-uroki/




51

Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы

2-тарау

ЮНЕСКО  мен  Дүниежүзілік  банктің  қазіргі  проблемалары  мен  ұсынымдарын 

ескере  отырып,  ҚР  БҒМ  IV  тоқсанды  оқу  процесінде  қашықтықтан  оқытудың  бірнеше 

технологиясын  пайдалануды  шешті:  интернет-платформалар  арқылы  оқыту,  «Балапан», 

«Ел  Арна»  республикалық  телевизиялық  арналары  арқылы  бейнесабақтар  және  оларды 

«Қазақстан» корпорациясының қолдауымен жергілікті арналарда ретрансляциялау. Төртінші 

тоқсан  ішінде  3  мыңнан  астам  бейне  сабақтар  көрсетілді

109


.  Бұрынғы  офлайн  режимінде 

оқыту  балалардың  саны  100  адамнан  аспайтын  шалғай  ауылдардағы  ШЖМ-дерде  жүзеге 

асырылды.  Қазақстанда  осындай  1080  мектеп  бар,  онда  60  мыңға  жуық  бала  оқиды. 

Бұдан басқа, мектептері жоқ және білім алушыларды тасымалдау жүзеге асырылатын елді 

мекендерге оқу материалдарын пошта арқылы жіберу қолға алынды.

ҚР  БҒМ  пандемия  кезінде  жаппай  оқытуды  ұйымдастырудың  барлық  күш-жігеріне 

қарамастан,  салааралық  өзара  іс-қимыл  негізінде  ғана  шешуге  болатын  еңсерілмейтін 

қиындықтар  туындады.  Короновирус  пандемиясы  соңғы  жылдары  қаржыландырылмаған 

салалардағы  проблемаларды  ашты.  Бұл  жерде  әңгіме  білім  беру  және  денсаулық  сақтау 

сияқты  тұтас  салалар,  сондай-ақ  цифрландыру  туралы  болып  отыр.  Осыған  байланысты, 

әрі  қарай  сапалы  интернетке  қолжетімділік  және  мұғалімдер  мен  оқушыларды  қажетті 

жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін талдамақшымыз.

Қазақстанда  білім  берудегі  «цифрлық  кедергіні»  өңірлік  деңгейде  де,  аумақтық 

деңгейде  де  (қала-ауыл)  байқауға  болады.  Алдыңғы  бөлімдерде  (1.2.2-тарау)  біз  кең 

жолақты интернетке қол жеткізу мәселесінде қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты 

талқыладық.  Сондықтан  біз  бұл  мәселені  карантиндік  шектеулер  аясында  қарастырамыз. 

Зерттеушілер 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет