Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
жылдамдығы 512 Кбит/с-тан 10 Мбит/с-қа дейін түрленді. Мектеп мұғалімдеріне Kundelik
электрондық журналын толтыру үшін 2-3 Мбит/с жылдамдық қажет, Bilim Land онлайн-
платформасының сабақтарында бейне контентті пайдалану 4-5 Мбит/с және одан жоғары
жылдамдықты талап етеді. Веб-беттерді қарау үшін 1 Мбит/с жылдамдықпен интернет
байланысы қажет, HD форматындағы бейне ағыны үшін – 5 Мбит/с яғни, бейне жазбаны
көру, онлайн трансляцияға қатысу, вебинарлар, бір реттік ағын немесе онлайн трансляция
үшін 5 Мбит/с-тан астам интернет байланысының жылдамдығы қажет.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуымен, болашақта
мұндай жылдамдық жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасында жылдамдығы 20 Мбит/с дейінгі кең жолақты қосылыстың талшықты-
оптикалық түрін жүргізу көзделген
112
. Алайда, 2019–2020 оқу жылының IV тоқсанында
қашықтықтан оқыту тәжірибесі көрсеткендей, «әлсіз» интернет онлайн-оқытудан бас
тартудың басты себебі болды. Еліміздің диджитализациясы бойынша республикалық
бағдарламаның нәтижелерін біз әлі көрген жоқпыз. Оның басталғанына 4 жылға жуық
уақыт өтті, Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-
министрі А. Оспановтың өтініші бойынша іске асырылған екі жыл ішінде 40 млрд теңгеден
астам қаражат жұмсалды
113
. Егер жылдар бойынша қарайтын болсақ, 2018 жылы «цифрлық
Қазақстанға» 21,5 млрд теңге
114
, 2019 жылы – 16,9 млрд теңге жұмсалды (оның ішінде
шығыстардың 75%-ы әкімшілік шығыстарға және тек 4,1 млрд-ы цифрландырудың өзіне
тиесілі)
115
. 2020 жылға нақтыланған республикалық бюджетте электрондық үкіметке,
инфокоммуникациялық инфрақұрылымға және ақпараттық қауіпсіздікке арналған шығыстар
70 миллиард теңгеден астам шығынды құрады
116
.
Әлеуметтанушы
Достарыңызбен бөлісу: |