Барлық мектептердің төртінші тоқсандағы Қашықтықтан оқытуға мәжбүрлі көшуінің
көктемгі эксперименті білім беру жүйесінің сабақтарды онлайн режимде өткізуге дайын
келгенін және Қазақстанда интернет сапасы 3 млн-нан астам мектеп оқушыларына тікелей
эфирге шығуға және онлайн-стриминг арқылы оқуға мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді
Оқушылардың қашықтықтан білім алуына «Kundelik», «Daryn Online», «Bilim Land»
интернет-платформалары бейімделді. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, қашықтықтан
оқыту кезінде мұғалімдер, оқушылар мен олардың ата-аналары негізінен WatsApp
мессенджерін, Zoom, Microsoft Teams, Google Meet, Classroom және т. б. платформаларын
www.caravan.kz/gazeta/kredit-na-cifrovizaciyu-shkol-dengi-ne-potratili-gosudarstvo-ezhednevno-platit-458-shtrafa-662201/
Тукпиев Ж. Более 3 млн школьников перешло на дистанционное обучение в Казахстане // https://www.kazpravda.kz/
51
Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы
2-тарау
ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік банктің қазіргі проблемалары мен ұсынымдарын
ескере отырып, ҚР БҒМ IV тоқсанды оқу процесінде қашықтықтан оқытудың бірнеше
технологиясын пайдалануды шешті: интернет-платформалар арқылы оқыту, «Балапан»,
«Ел Арна» республикалық телевизиялық арналары арқылы бейнесабақтар және оларды
«Қазақстан» корпорациясының қолдауымен жергілікті арналарда ретрансляциялау. Төртінші
тоқсан ішінде 3 мыңнан астам бейне сабақтар көрсетілді
109
. Бұрынғы офлайн режимінде
оқыту балалардың саны 100 адамнан аспайтын шалғай ауылдардағы ШЖМ-дерде жүзеге
асырылды. Қазақстанда осындай 1080 мектеп бар, онда 60 мыңға жуық бала оқиды.
Бұдан басқа, мектептері жоқ және білім алушыларды тасымалдау жүзеге асырылатын елді
мекендерге оқу материалдарын пошта арқылы жіберу қолға алынды.
ҚР БҒМ пандемия кезінде жаппай оқытуды ұйымдастырудың барлық күш-жігеріне
қарамастан, салааралық өзара іс-қимыл негізінде ғана шешуге болатын еңсерілмейтін
қиындықтар туындады. Короновирус пандемиясы соңғы жылдары қаржыландырылмаған
салалардағы проблемаларды ашты. Бұл жерде әңгіме білім беру және денсаулық сақтау
сияқты тұтас салалар, сондай-ақ цифрландыру туралы болып отыр. Осыған байланысты,
әрі қарай сапалы интернетке қолжетімділік және мұғалімдер мен оқушыларды қажетті
жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін талдамақшымыз.
Қазақстанда білім берудегі «цифрлық кедергіні» өңірлік деңгейде де, аумақтық
деңгейде де (қала-ауыл) байқауға болады. Алдыңғы бөлімдерде (1.2.2-тарау) біз кең
жолақты интернетке қол жеткізу мәселесінде қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты
талқыладық. Сондықтан біз бұл мәселені карантиндік шектеулер аясында қарастырамыз.
Зерттеушілер
Достарыңызбен бөлісу: