Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
4. Саясат опциялары мен нұсқалары
Орта білім беруді жаңғыртуға бағытталған мектептегі заманауи реформалар ауылдық
осал мектептердің ерекшеліктерін ескеруге тиіс. Орта білім берудің барлық жүйесіне
арналған ауқымды мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды ШЖМ-де іске асырудың
өзіндік ерекшелігі бар. Олар ауылдық ШЖМ қызметінің көптеген аспектілеріне әсер етеді,
бірінші кезекте – ұсынылатын білім сапасына және шағын жинақты мектептердің алдағы
тағдырын анықтайды.
Саясаттың нұсқаларын қарастырмас бұрын, қазіргі мектеп реформалары жүзеге
асыратын дискурстар мен әдістердің әлсіз тұстарына тоқталу керек. Сонымен қатар,
білім беру реформаларын қала мен ауылға қатысты болатын саяси тенденциялармен
байланыстыру маңызды болып көрінеді. Елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды талдау
оларды ауылдық ШЖМ-де іске асырудың кейбір ерекшеліктерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |