Орта білім беру



бет43/241
Дата31.12.2021
өлшемі1,4 Mb.
#21245
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   241
Байланысты:
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

балаларға:

  • физикалық аман-саулықты;

  • әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті;

  • когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды;

  • таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамытуды;

  • бастамашылықты, дербестікті және жауапкершілікті дамытуды;

  • өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуді;

  • өз бетінше саналы таңдау жасай білуді;

  • командада жұмыс істей білуді;

  • сын тұрғысынан ойлауды дамытуды;

  • креативтілікті қолдауды;

  • психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуге;

  1. ата-аналарға:

  • білім беру процесінің қатысушылары болуға;

  • баланың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге;

  • баланың жеке мүмкіндіктерін дамытуға;

  • көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға;

  • үйде баланың толық дамуы үшін жағдай жасауда консультациялық көмек алуға мүмкіндік береді.

Өтпелі тақырыптар үлгісі, перспективалық жоспар үлгісі, циклограмма, жас ерекшелігі бойынша күн тәртібінің үлгісі жыл бойы www.rc-dd.kz сайтында қолжетімді болады.

Мектепалды даярлық сыныптары білім беру қызметін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында оқу процесі

1 қыркүйектен бастап 25 мамырға дейін жүзеге асырылады (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру кезеңі).

Оқу жылы ішінде 1-сыныптың каникул кезеңіне сәйкес каникул белгіленеді.

Тәрбиелеу-білім беру процесі өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға, циклограммаға, тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингіне (бастапқы, аралық, қорытынды), стандарт, үлгілік оқу жоспары, бағдарлама және басқа нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын негізгі талап - санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, рұқсат етілген көлем мен ұзақтықты қамтамасыз ету.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі – ұзақтығы – 25-30 минуттан 20 сағатты құрайды.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық үшін вариативтік компонент қарастырылған. Вариативтік компонентті анықтауда өңірлік ерекшеліктер, балалардың қызығушылықтары, ата-аналардың тілектері мен білім беру ұйымы қызметінің бағыты және т. б. ескеріледі.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепалды даярлық сыныптарында вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің көлемі -2 сағатты, оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін -3 сағатты құрайды.



Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделіне сәйкес педагогтің міндеті – сабақ барысында балалардың қызығушылықтарын ескеру, әр баламен сөйлесу. Сабақ түрлерін педагог таңдауы тиіс. Бала өзінің әлем туралы жеке түсінігін қалыптастыру құқығы мен мүмкіндігі бар оқуға белсенді қатысушы ретінде

қабылдануы қажет.

Баланың мектепке дайындығы тек бастапқы біліммен ғана емес, сонымен қатар ынтасымен, талабымен, құрдастарымен достық қарым-қатынас жасау

дағдыларын танытуымен, дене дамуымен, эмоционалдық көңіл-күйімен анықталады.

Баланы мектепке дайындау кезінде дене, психологиялық, әлеуметтік және эмоционалды дамудың үйлесімді тепе-теңдігін сақтау қажет. Баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына баса назар аударылуы тиіс. Ол үшін қимыл белсенділігіне жағдай жасау қажет.

Сондай-ақ, дамытушы орта ұйымдастыруға назар аудару керек:



    • балалар материалдарға күніне кемінде 1 сағат еркін қол жеткізе алуы керек (яғни балалар әрекеттер мен материалдарды / ойыншықтарды өздері таңдай алады);

    • балалардың өздері әрекетті таңдайды (дербестігі мен бастамасын қолдау үшін) және өз ойларын жүзеге асырады;

    • балалардың еркін ойнауға мүмкіндігі бар (балалар тек педагогтің нұсқауларын ғана орындамай, бастаманы өздері де ұсына алады).

Педагогтер балаларға жылы қарым-қатынас, достық қарым-қатынас, балалармен сөйлесу арқылы эмоционалды қолдау көрсетеді, балалардың дербестік танытуын қолдайды және барлық балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескереді. Педагогтер балаларға кез-келген тыйымдар мен ережелердің себептерін түсіндіреді, тек тыйым салып қана қоймай, оны түсіндіреді.

Педагогтер сабақтарды әдеттегі форматта ғана емес, ойындар, белсенділік, шығармашылық арқылы да өткізудің әртүрлі нұсқаларын ойлап таба алады.

Мектепалды даярлық сыныбы түлегінің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мектепке дейінгі білім берудің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен негізделген және «Стандарттың қосымшасында туғаннан бастап 1-сыныпқа қабылданға дейін балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесінде» берілген тәрбиеленушінің жетістіктерінің күтілетін нәтижелерін қамтиды https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының нормасына сәйкес мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың мектепалды сыныптарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды.



Осы жүктемеге сәйкес педагог келесі функцияларды орындайды:

  • Үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу іс-әрекетін өткізеді;

  • перспективалық жоспар мен циклограмма құрастырады;

  • режимдік сәттерді ұйымдастырады және өткізеді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, балалар әрекетінің түрлері (ойын, шығармашылық, танымдық, эксперименттік, дербес және т.б.), жеке жұмыс, сауықтыру шаралары және т. б.);

  • диагностика (бастапқы, аралық және қорытынды) арқылы балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды;

  • ата-аналармен жұмыс жүргізеді;

  • білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға (жиналыстар, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар және т. б.) қатысады;

  • ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды, спорттық іс- шараларды және т. б. ұйымдастырады және өткізеді.

Жалпы білім беретін мектептер жанынан жазғы кезеңде мектеп жасына жеткен, бірақ мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарына бармаған балалар үшін қысқа мерзімді (2 аптадан 1 айға дейін) мектепалды даярлық курстары өткізіледі.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   241




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет