Орта білім беру



бет86/241
Дата31.12.2021
өлшемі1,4 Mb.
#21245
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   241
Байланысты:
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын дайындаудың реті

(әрбір пән мұғалімі үшін)




Жұмыс мазмұны

Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)

1

Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша

әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу

2

Оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау. Мысалы, қандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі. Тақырыпты меңгермеген оқушылардың

саны аз болса, ол тақырыптың күрделілігі төмен болып есептеледі

Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында)

3

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу

мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау



4

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді

сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа




тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып

келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу.

5

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу

мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау



6

Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін жасау және

топтастыру

7

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру кестесін

жасау

8

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін жаңа

тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу

9

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру кестелерін

жоспарлау принциптері:

  • жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;

  • жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;

  • II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;

  • жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер

10

Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

11

Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

12

Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

13

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

14

Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді):

қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау); бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;

тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.


Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы)

15

Пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ

жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу

16

Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың

біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу



17

Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың

біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу



18

Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын

толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу



19

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы

оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру



20

Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін:

  • диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін; тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте; бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте;

  • оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау

  1. Диагностикалық жұмыс

  1. пән бойынша өткен оқу жылдарының бағдарламасындағы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу;

  2. жүргізілген диагностикалық бақылау нәтижесі бойынша өткен оқу жылдарында оқытылған тақырыптар мен оқу мақсаттарынан білімінде олқылықтары бар білім алушылардың саны арқылы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау;

  1. Жоспарлау жұмысы

  1. өткен оқу жылдары мен жаңа оқу жылының оқу бағдарламаларындағы сәйкес келетін күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеуде кіріктіру;

  2. жаңа сабақты жоспарлаудың алдында өткен оқу жылдарындағы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала тапсырмалар әзірлеу;

  1. Жеке консультациялар өткізу

Өткен және жаңа оқу жылдарына арналған оқу бағдарламаларындағы сәйкес келмейтін тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша білім алушы санын 15-тен асырмай, жеке консультациялар, қосымша сабақтар («жексенбілік мектеп», «каникул кезіндегі мектеп») өткізу кестесін әзірлеу;

  1. Жүзеге асыру, талдау жұмыстары

  1. пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін (саралап оқыту, кейс-стади, тақырыптық талқылау, іскерлік ойын, жобалық және зерттеу жұмыстары, модульдік оқыту және т.б.) қолдану;

  2. білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін әзірлеу және талдау жұмысын жоспарлау;

  3. білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында жүзеге асырылған оқу мақсаттарын БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда ескеру;

  4. БЖБ, ТЖБ нәтижелері негізінде білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және талдау;

  5. білім алушылардың білім сапасына жүргізілген мониторинг жұмысының нәтижесін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте талқылау ұсынылады.

Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеуде кіріктіріп өткізуге ұсынылатын күрделі оқу мақсаттары:

  1. сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасындағы «4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру» деген оқу мақсатын 5-сыныптағы «5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау» деген оқу мақсатымен кіріктіруге болады.

  2. сыныптағы «5.2.3.1 шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау» деген оқу мақсатына сабақ жоспарлау кезінде 4-сыныптағы «шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану» оқу мақсатын

кіріктіру арқылы 4-сыныпта жіберген білімдегі олқылықты толықтыруға болады.

5-сыныпта бастауыш сыныптан келген оқушылар эссе жазуды бірден меңгеріп кете алмайды. Сондықтан 4-сыныпта өткен «4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру» деген оқу мақсатын қайталап, сол бойынша жұмыс жүргізу арқылы эссе жазуға үйреткен дұрыс.

5-сыныпта «5.2.3.1 шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау» деген күрделі оқу мақсатын 6-сыныптағы «6.2.3.1 шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау» оқу мақсатымен біріктіріп, тапсырмалар ұсыну;

«5.3.2.1 кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау» деген оқу мақсатын 6-сыныпта «6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру», «6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру» деген оқу мақсаттарына жаңа сабақты жоспарлау кезінде кіріктіру;

7-сыныпта «7.2.4.1 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу» деген оқу мақсатын 8-сыныптағы «8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу» оқу мақсатымен;

«7.3.1.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру» деген оқу мақсатын «8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау» оқу мақсатына кіріктіріп, сабақ жоспарлау ұсынылады.



Жаңа оқу жылының бағдарламасына сәйкес келмейтін күрделі оқу мақсаттары бойынша жеке консультациялар өткізуге ұсынылатын күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттары:

  1. сыныпта:

«6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау»; «6.3.4.1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау»;

  1. сыныпта:

«7.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау», «7.3.4.1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу»;

  1. сыныпта:

«8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу», «8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын- пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу;

  1. сыныпта:

«9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу».

5-9-сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқытылатын шығармалардың ішінде өткен оқу жылдарында толық оқуға мүмкіндік болмаған немесе оқушыларға қол жетімсіз болған шығармаларды қосымша сыныптан тыс не каникул кездерінде оқуға ұсыну қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   241




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет