Ж АРКЕНТ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ 9001:2016
Келісілді:
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:
_________ Н.Т.Сагинбаева
2022 жыл «26» тамыз
Бекітемін: Колледж директоры:
Б. Н.Саурам баева ______
2022 жыл «31» тамыз
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс бағдарламасы Модуль/пәнСалауатты өмір салтын сақтай отырып, дене сапаларын дамыту/ Анатомия, физиология және балалар гигиенасы
Мамандық:01140100«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
Біліктілік: 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Оқыту нысаны: күндізгі негізгі орта білім базасында
Жалпы сағат саны: 72 Кредит : 3
Бұл оқу жұмыс бағдарламасы«Қоғамдық және жаратылыстану» кафедра отырысында қаралып, Индустриалды Кеңесімен бірлесе әзірленіп, педагогикалық кеңеске ұсынылып, бекітілді. 2021 ж 27 тамыз №1 хаттама
Әзірлеуші (-лер) ________ М.М.Тойгулов.
Кафедра жетекшісі: _______ А.Қ Джумабаева
Түсіндірмелі жазба Оқу жұмыс бағдарламасы 01140100«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының,4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігінің арнайы пәндер модуліне арналып жасалынды. Арнайы пәндер модулінің «Анатомия, физиология және балалар гигиенасы» пәні 3 (72сағат) кредиттік көрсеткішін қамтиды.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы»(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы (5-қосымша) басшылыққа алынды.
Оқу жұмыс бағдарламасының рәсімделуі №382 бұйрық, 7-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандарына негізделген (аталған оқу жұмыс бағдарламасының бөлімдері міндетті болып табылады. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес педагог тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және пән/модуль ерекшеліктері мен білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып қосымша элементтер енгізуге құқылы).
«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығы және Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2008 жылғы 18 наурыздағы№ 125 бұйрығына өзгеріс енгізілген 12.05.2022 № 193 бұйрығы негізге алынды.
Үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиеттер тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі №179 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқада қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» негізінде жасалған.
Жұмыс берушінің жергілікті талабына және аймақ компонентін жүргізу талаптарына сәйкес бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптар тізбесіне өзгерістер жасау: бөлімдер, бөлімшелер, тақырыптардың көлемін ұлғайту тереңдете оқыту қарастырылған.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы "химия" пәні бойынша оқу бағдарламасы 12 бөлімнен тұрады:
01140100«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі»біліктілігінің «Анатомия, физиология және балалар гигиенасы»оқу пәнін меңгеруге 72 сағат қарастырылған. Соның ішінде теориялық оқуы – 54, зертханалық практикалық оқу – 18 сағат. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды. Хаттама № 1 «15» шілде 2020 жылғы бекітілген , негізгі орта білім базасында қоғамдық гуманитарлық бағыттағы үлгілік оқу бағдарламасынан тақырыптар тізбесі алынды. Бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқытылатын тақырыптарда сағат санының өзгеруіне байланысты кеңейтілді.