Пәннің базалық мазмұны 12 негізгі бөлімді қамтиды: 1 бөлім. Кіріспе
2бөлім. Жүйке жүйесі
3 бөлім. Жоғары дәрежелі жүйке әрекеті
4 бөлім. Анализаторлар
5 бөлім. Тірек- қимыл аппараты
6 бөлім. Қан тамырлар жүйесі
7 бөлім. Тыныс алу жүйесі
8 бөлім. Ас қорыту мүшелері
9 бөлім. Зат алмасу
10 бөлім. Зәр шығару.
11 бөлім. Тері
12 бөлім. Ішкі секреция бездері
Оқу пәнінің мақсаты - анатомия, физиология және гигиенаның тарихын, ағзаның бір тұтастығын қамтамасыз ететін негізгі шарттарын, өсу мен даму заңдылықтарын меңгере отырып, ағзаға әсер ететін жаман әдеттер мен факторлармен күресу.
Оқу пәнінің міндеттері: - өсу және даму заңдылықтары жөнінде білімдерін қалыптастыру;
адам ағзасының құрылысы, қызметін және оны реттеу тетіктерін оқып үйрету;
жеке бас тазалығын сақтауға тәрбиелеу;
салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беру;
Қалыптастырылатын құзіреттілік:
Салауатты өмір салтын сақтау, дене сапаларын жетілдіру, сыртқы ортаның адам ағзасына құбылмалы әсерлерін, ағзаның ішкі тұрақсыздығын анықтау
ПререквизиттерОқу бағдарламасы биология, жаратылыстану, экология, валеология, өзін – өзі тану, медицина, психология, дене шынықтыру, педагогика,психология пәндерімен байланыстыра отырып білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағыдыларына негізделеді.
Постреквизиттер Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым – қатынас жасай алады, адам ағзасына зерттеу әдістерін жүргізеді және сыртқы ортаның адам ағзасына құбылмалы әсерлерін, ағзаның ішкі тұрақсыздығын анықтай біледі.