Фома Аквинский (1225-1274 жж.) католик дінінің діни-философиялық жүйесін,
яғни томизмнің (латынша Tyamos – Фома деген сөз) негізін қалаушы есебінде кірді.
1. «Қозғалатындардың бәрі өз қозғалысының себебі болатын бөгде бір нәрсеге ие болады». Өйткені, «бір нәрсе» өзгенің килігіп, кірісуінсіз, бір уақытта өзінен-өзі қозғаушы да, қозғалушы да бола алмайды. Олай болса, осы қозғаушы бастау болатын – Құдай.
2. Біздің көретіндеріміздің бәрі – басқамен қарым-қатынаста болатын «бір нәрсенің» салдары. Бұл «бір нәрсенің» себебі бар, туынды, яғни бәрінің өзіндік себебі болады. Бірақ, бұл себептің де өзіндік себептері бар. Осылай шексіз, нақты айтқанда бұлардың бастапқы негізі – алғашқы себеп, яғни тағы да Құдайға келеміз.
3. Біз өзімізді қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді қажеттілік деп, немесе кездейсоқтық деп қабылдаймыз. Бірақ, кездейсоқтық – бұл тек біздің ұғымымызға түсініксіз қажеттілік. Құдай үшін кездейсоқтық деген болмайды, сондықтан болып жатқандарды түсіну үшін Құдайды мойындау керек.
4. Әр түрлі заттар түрлі дәрежедегі шыңдалу мен көріктілікке ие. Онда бұл сапалықтар үшін үлгілі өлшеуіштер, абсолюттік өлшемнің болуы керек. Бұл үлгілі өлшеуіш – Құдай.
5. Бәрі қозғалыста, дамуда... Қай бағытта? Тек Құдай табиғатта болып жатқандардың барлығы үшін мақсат, бағыттылық бере алады.
Аристотельге сүйене отырып, Фома Құдайды айғақтаудың бес жанама тәсілін келтіреді:
5. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ф.Аквинский философиясының маңызды бөлігін оның болмыс туралы ғылымы құрайды. Аристотель тәрізді, Фома да жеке заттарда түр материямен бірлікте және оған қатынасында жетекші бастама деп есептеді. Түрдің заттармен байланысынан Фома оның төрт түрлі болмыс деңгейін ерекшелейді:
Достарыңызбен бөлісу: |