«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет20/81
Дата24.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#45102
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81
Байланысты:
Азия

Маздакит қозғалысы.
Маздакит қозғалысының негізгі қозғаушы күші Иранның қауым мүшелері, шаруалары мен колөнершілері. Сонымен катар бүл қозғалыска азаттар мен дикхандар катысқан.
Маздакит қозғалысы Иран жерін мекендейтін халыктарды қамтыды. Маздакит қозгалысы Манихей жэне зороастризм дінімен тығыз байланысты болды.
Маздакит қозғалысының негізгі себебі - қоғамда элеуметтік және мүлік теңсіздігінің орнауы. Маздакизм қозғалысы ақсүйектердің қысымына қарсы бағытталған. Жеке меншік жердің бөлініп берілуі, мүлік тендігінің сақталуы маздакиттердің негізгі талаптары болды. Кей деректерде маздакиттер туралы былай айтылған: «Егер кім де кім өзіне мүлік немесе жер, кұлдардың саны жағынан артык алып иемденсе, біз одан артығын алып, оны басқа біреуге теңестіру үшін береміз». Өздерінің әлеуметтік талаптарын орындау мақсатында маздакиттер ақсүйектердің жерлерін тартып ала бастады. Олардың байлығын өзара бөлісіп отырды. Аксүйектердің малдары, кұлдары мен қамбада сақталған бидайларын өзара тең бөлісіп пайдаланды.
Маздакит козғалысын пайдаланып калғысы келгендердің ішінде шаханшах Кавад I болды. Шаханшахтың маздакиттермен уақытша одақ құруының негізгі себебі - Каваданың ақсүйектер билігін кұрту еді. Каваданың көмегімен маздакиттер мемлекеттік істергі кірісті. Бүл козғалыстың жетекшісі Маздак мемлекеттің ең көрнекті түлгаларына айналды. Деректерде осы маздакиттер қозғалысы тұсында Византиямен соғыста ірі жеңіске жеткендігі туралы, сонымен қатар көшпенділердің шабуылына карсы түра алғандығы туралы айтылады.
Маздакит қозғалысы ен, алдымен ірі аксүйектерге қарсы бағытталған. Осы козғалыстың гтайдасы әсіресе азат-дикхандарға тиді. Себебі олар ақсүйектерден айтарлыктай жер үлестерін, мүліктерін алды. Азат - дикхандардың козғалыстан кетуі маздакит козғалысын айтарлықтай эсер етті. Шаруалар отряды жан-жакқа шашырап кетті.
Кавад өзінің позициясын өзгерте бастады, ол аксүектермен ынтымақтаса бастады. Билік басындағы, эскери қатардағы маздакиттерді орындарынан кетірді. Қозғалыс 529 жылы жеңіліс тапты. Бірақ маздакит қозғалысы халық арасындағы ең атақты қозғалыс болып табылды.
Маздакиттер козғалысының салдары: шаруалардың жағдайы біршама жаксар ды, қулиеленушілік құрылыстың элсіреуіне, феодалдық қатынастардың дамуы на ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет