Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7- класс. «Атамұра» -2003



бет29/44
Дата25.01.2023
өлшемі1,36 Mb.
#62955
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Жүсіп Баласағұни


Жүсіп Баласағұни



1021- 1075 жж


Баласағұн қаласы (Шу бойы)

●Толық аты –Жүсіп Хас Хажип Баласағұни.
«Құтадғу білікті» Баласағұнда бастап, Қашғарда аяқтап, Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан,хан ғұламанының бұл сыйлығы үшін Ж.Баласағұнға Ұлы хас –хажип деген лауазым берген



«Құт негізі –білік» («Құтадғу білік») еңбегі – алғаш рет түрік тілінде жазылған,бұл еңбекте түрік тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық саяси өмірі,әдет-ғұрып,наным –сенімдері туралы мағлұматтар көптеп кездеседі, халық ауыз әдебиеті үлгілері көп пайдаланылған,ХІғ.дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой –санасында орын алған,терең мазмұнды ғылыми еңбек.



Ахмет Иүгнеки

Туған жылы, жері белгісіз

●Шын аты Әдіб Ахмет Махмұдұлы


●Халық көзі тірісінде «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» атаған
Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан

«Ақиқат сыйы» дастаны – халықты инабатты болуға,адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады
«Сөз есепсіз –тіліңді тый, тарта ұста
Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста
Есепсіз сөз –ер сөзінің асылы
Мылжың тілді «жау» деп ұғын тартыста»



Қожа Ахмет Йасауи

1103-1167 жж
Сайрамда туған

●Әкесі –Ибраһим атақты ғұлама болған
●Анасы –Мұса шайқының қызы Айша(Қарашаш
●Жастайынан әке-шешесінен қалып, әпкесі Гауһар –Шаһназдың қолында өскен
●Бала кезінен Йасы (қазіргі Түркістан)қаласын мекен еткен
●Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алып, Йасыға келеді
●Йасыда сопылық ілімнің насихатшысына айналады
●Арыстан бабты пір тұтады

«Даналық кітабы» («Диуан –и хикмет») кітабы –түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған,
адамды даналыққа,адалдыққа, кішіпейілдікке,имандылыққа шақырады,Аллаға адал болуға үгіттейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет