Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


Кредиттің атпаға бөліну кестесі



бет4/51
Дата07.01.2022
өлшемі359,5 Kb.
#17977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Орта асырларда ы аза стан тарихы

Кредиттің атпаға бөліну кестесі:

Кредит саны – 45

Өту орны: №3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


ІІ

ІІІ

3

30

15

45

90

емтихан


1.3 Кіріспе

Пән бойынша мағлұмат:

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы курсы нақты деректерге сүйенген, Қазақстан Республикасының қазіргі аумағандағы адамзат қоғамының қалыптасу процесін ашып көрсетуге тиіс.

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы курсында ҮІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемелекеттер бірлестіктерінің қалыптасуы, дамуы, өркендеуі және құлдырауы төңірегіндегі мәселелер қарастырылады. Сондай-ақ Қазақстан аумағының дүниежүзілік өркениет жүйесіндегі орны жөнінде, оның тарихи маңызы туралы терең ашып көрсетіледі.

Алдымен түркі дәуіріндегі Қазақстан тарихы өзінің мәдени, сан алуан саяси қарама-қайшылықтар мен біртіндеп өзіндік үлгіде даму қарқынымен ерекшеленсе, моңғол дәуірінде бұл аумақта бастан кешкен жергелікті түркі ру-тайпаларының әрқилы жағдайлары, моңғолдарға қарсы ерлік күрестері, саяси-әлеуметтік дамудағы төбегейлі бетбұрыстар, оның тарихи тағылымдары баяндалады.

Қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының қалыстасуы және қазақ хандарының ішкі-сыртқы саясаттары ортағасырлар курсындағы ең басты оқиғалары осы қазақ хандары төңірегінде өрбиді. Бұл жерде қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек сұлтандардан бастап, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан тағы басқалар билік құрған кездердегі Қазақ хандықтарының ішкі-сыртқы жағдайлары, құқтық басқару жүйелері, экономикасы, тб. курстың құндылықтарын арттырады. Ортағасырлар курсы Қазақстан аумағының Ресей империясының құрамына енгенге дейінгі тарихи оқиғаларды қамтиды. Курсты оқыту барысында студенттер отандық тарих мәселелері бойынша ғылыми зерттеудің қазіргі дейгейімен танысады.

Курстың мақсаты:

Қазақстан тарихы пәнiн оқытудың мақсаты – студенттердi фактiлiк және теориялық мәселелер кешенiмен таныстыру, Қазақстан территориясын қоныстанған тайпалар мен халықтардың тарихы мен мәдениетi туралы, олардың этникалық және мемлекеттiк құрылысының дамуының тарихи заңдылықтарын ашу. Студенттердiң тарихи ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, олардың танымдық қабiлеттерiмен негізгі деректер мен мәлiметтерге сүйеніп тәжiрибелiк жұмыс жасау дағдыларын дамыту, Отан сүйгiштiк сезiмдерiн қалыптастыру, бүкiл адамзаттық тарихи құндылықтарды ұғындыру.



Курстың мiндетi:

Қазақстан тарихы тәуелсiздiк алғаннан кейiн өзiнiң дамуында жаңа сипатқа ие болды. Тарих ғылымындағы өзгерiстердi, олардың даму процесi және Қазақстан тарихының зерттелмеген кейбiр кезеңдерi бойынша әлi де ортақ тұжырымдар қалыптаса қойған жоқ. Бiлiм алатын болашақ студенттер өз Отанының тарихынан хабардар болуға мiндеттi. Курстың мiндетi әлемдiк тарихтың бiр бөлiгi болып табылатын Қазақстан тарихын студенттерге меңгерту.



Пререквизиттер: Қазақ әдебиетi, саясаттану, мәдениеттану, жалпы тарих.

Постреквизиттер: Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы курсы аяқталғаннан кейiн студенттер осы курсты толықтай меңгерiп, тарихи материалдарды топтастыру, оқиғаларды өз бетiнше зерттеу, саралау, салыстыру, зерделеу қабiлетiне ие болады.

Оқыту әдістемесі:

Курс негiзiнен дәрiс түрiнде және практикалық сабақтар арқылы жүргiзiледi. Сонымен қатар студенттердiң оқытушымен бiрге жүргiзетiн өзiндiк жұмыстарыда бар. Дәрiс кезiнде негiзгi өтiлетiн тақырып бойынша мағлұматтар берiледi және конспект жаздырылады. Практикалық сабақ кезiнде алдын-ала берiлген тапсырмалар бойынша жауаптар алынады. Оқытушымен өтетiн студеттердiң өзiндiк жұмысы кезiнде қамтылмай қалған материалдарды тапсырма беру арқылы, сұрақ-жауап әдiстерi арқылы бекiтіледі. Сонымен қатар, оқытудың белсендi формалары мен әдiстерiн қолдана отырып, дәрiс және практикалық сабақтарды немесе оқытушымен жүргiзiлетiн студенттердiң өзiндiк жұмысы (ОЖСӨЖ) жүргiзiледi.


1.4 Сабақ мазмұны мен кестесі

1 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Тақырып: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы.

Деректерге сипаттама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет