Орта мектептің қазақ тілі фонетикасы, лексикологиясы, морфологиясы және синтаксис курстары



бет2/8
Дата28.09.2022
өлшемі49,34 Kb.
#40552
1   2   3   4   5   6   7   8
Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Тіл біліміне кіріспе және жалпы тіл білімі» пәні қашықтықтан (асинхрондық) форматта оқытылады. Пән бойынша 60 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 10 лекция, 20 практикалық және 15 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімдіжәне ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100%шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) юолады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде дәптерде орындалатын жеке есептеу - геометриялық үй тапсырмалары беріледі. Пән бойынша 2 студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріледі.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-7 апталарында қосымша лекциялық және практикалық сабақтар GoogleClassroomвеб-сервисінде өткізіледі. Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_»тарауында орналасқан.Теориялық немесе практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖсабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет Zoom платформасындаөткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде«№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілгенуақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа (GoogleClassroom-ға қайталап) жүктеуі қажет.
Пән бойынша барлық практикалық сабактар 8-15 апталар ішінде университеттің оқу корпусында дәстүрлі түрде өткізіледі. Университеттің аумағында сабаққа қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда студент оқытушыға хабар беріп, оқуын Google Classroom бойынша жалғастыруына болады.

1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Тіл біліміне кіріспе және жалпы тіл білімі пәнінің негізгі мақсаты – тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдерін қарастыру, жалпы тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасуы, тілдің қоғамдық мәні мен сипаты, жүйесі, құрылымы, даму заңдылықтары, тілдік элементтер, олардың арасындағы байланыс, тұлғалық, мағыналық жағынан өзгеру, түрленуінің грамматикалық тәсілдері, сондай-ақ, дүние жүзі тілдерінің генеологиялық және типологиялық классификациялары, тілдің шығуы т.б.туралы білімгерлердің лингвистикалық білім шеңберін кеңейту, тілдік анализ жасауға дағдыландыру.

2

Сағат саны

Лекция - 15 сағат
Практикалық сабақтар- 30 сағат
СӨЖ - 75 сағат (оның ішінде СОӨЖ (22,5с.)
Барлығы - 120 сағат

3

Оқыту нәтижесі

Осы курсты аяқтағаннан кейін сіз келесі қабілеттерге ие боласыз:
- лингвистика ғылымының жалпы зерттеу обьектілері мен қарастыратын мәселелерін сараптай білу;
- теориялық тұрғыдан тілдік терминдерді салыстыру және айырмашылықтарын анықтау;
- тіл білімінің негізгі ұғымдары мен даму заңдылықтарын, тілдік элементтер, олардың арасындағы байланысты саралай білу;
- мектеп бағдарламасындағы фонетика, лексика және морфология мен синтаксис салаларының негіздерін меңгеріп, практикада қолдану;
- тіл біліміндегі заңдылықтар мен қағидаларға, жалпы тіл білімі тарихы бойынша теориялық талдама жасау;
- қазақ тілі курсының ғылыми-теориялық негіздерін мектеп бағдарламасы бойынша жан-жақты қарастыру;
- қазіргі қазақ тілі фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары бойынша теориялық толық білім меңгеру, зерттеу обьектілерін ажырата алу:

  • тіл теориясы мен тіл тарихы негіздерінің ерекшеліктерін анықтап, теориялық бөлімдерін практикалық дағдымен ұштастырып, талдау жасай білу;

  • дүние жүзі тілдерінің генеологиялық және типологиялық классификациялары, тілдің шығуы т.б.туралы лингвистикалық білім шеңберін кеңейту, тілдік анализ жасауға дағдылану;

  • лингвистика бойынша теориялық тұрғыдан терминдер мен анықтамаларды сараптай алу;

  • тіл дыбыстарын саралап, үндестік ерекшеліктерін, орфография, орфоэпия мәселелерін толық меңгеріп, талдай білу;

лексиканың, сөзжасамның, морфологияның, синтаксистің салалары бойынша талдау жасап, негізгі ерекшеліктерін анықтау.

4

Білімін бағалау

9*3=27 балл
2.Коллоквиум (КЛ) - 2*7=14 балл
3.Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ) -2*5=10 балл
4. Эссе - 1*3=3 балл
5. Студенттің белсенділігі - 6 балл

5

Қорытынды бақылау

Емтихан (жазбаша)

6

Техникалықталаптар(қажет болса)

Ерекше талаптар жоқ

7

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі жәнеқосымша әдебиеттертізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет