Бақылаусұрақтары: Оқушылардың модальдығы дегеніміз не?
Мұғалім үшін оқушының оқудағы дербес стилі (ОЖДС) өлшемдерін ата? 3.Оқушылардың назар,ес, ойлау деңгейін қалай анықтайды?
4.Биология сабақтарында оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру 5.Биология сабақтарында оқушылардың танымдық- ізденімпаздығын арттыру жолдары
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі жаңа оқыту технологияларын қолдануында
Лекция14 Тақырыбы Қазіргі заманға лайық тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігі. Жоспары:
Оқушының қазіргі заманға лайықты білімін жетілдіру
Қазіргі кезде дүние жүзінде оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығы төмен болып отыр екен. Бізде жаратылыстану пәндерінің заңдылықтарын терең оқып үйреніп,кейін теорияны бекітетін мысалдар қарастыру әдетке айналған. Ал шетелдерде жаратылыстану курстарының негізіне теориялық заң дылықтар емес, өмірдегі құбылыстарды алып теорияны соған сәйкес баяндау тенденциясы байқалып жүр. Қысқаша айтқанда бізде ғылыми заңдылықтар, ал шетелде өмір құбылыстары басты орында деуге болады.Оқу әрекетінің тиімділігін арттыру үшін оқушыны білім алу процесіндегі белсенді әрекет ететін субъектіге айналдыру керек деген идеялар көтерілгелі көп болды. Осындай идеялардан туындаған технологиялардың бірі жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясының негіізн салушы Карл Фрей өзінің «Жобалау әдісі» атты кітабында жобалау әдісі туралы былай түсіндіреді: Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба ұсынылуы тиіс. Жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі.Оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады.Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді. Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді.Зерттеу біліктерін (проблемены анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қортындылау) меңгереді.Оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды. Жобаны зерттеу сыныптан тыс сабақтарды өткізген тиімді болады. Жобалау әдісі-оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табы лады. Жобалап оқыту технологиясы объектілері нақты өмірден алынған практикалық маңызы бар жобаға енуі тиіс.Осындай қолдануға мысал ретінде бір болуы ықтимал жоба келтірейік