Бақылау сұрақтары:
Оқушылардың білімін тексерудің формаларын ата?
Тесттің түрлерін, ерекшеліктерін ата?
Мұғалімдер туралы мақал мәтелдер
“Ұстаз – аты мәңгілік,жадымда қалар жаңғырып!(Ойын- байқау)
Ұстаз – ұлы тұлға(Әдеби-сазды кеш)
Лекция 13 Тақырыбы Оқу материалын әдістемелік жетілдіру диактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар Биолгия сабақтарында оқушылардың білім сапасын жоғарылатудағы әдіс тәсілдер
Жоспары:
Мұғалім үшін оқушының оқудағы дербес стилі (ОЖДС) өлшемдері 3.Оқушылардың назар деңгейін анықтау
Гуманитарлық сыныптар үшін биология табиғатқа, жердегі ең бағалы нәрсе өмірге байланыстылығымен бағалы. Математикалық бағыттағы сыныптар үшін де кең іс - әрекет алқабы ашылады : тірі дүние геометриясы, генетика популяциясы бойынша және ақуыз әртүрлілігі формулаларының есебі және с.с. Биология сабақтарында оқылатын объектілердің, процестердің әртүрлілігі жалпы құрылымдық ақпараттық және ойлау дағдысының өсуі үшін орасан мүмкіндіктермен қамтамасыз ете алады.
Неліктен барлық дерлік мұғалімде (егер ол арнайы «биологиялық» сыныпта жұмыс істемесе) биология сабағына «қызықпайтын» оқушы кездеседі. Неге екені белгісіз оқушының бұл «кесімін» естіген мұғалім бұл оқушыға деген профессиялық іс - әрекетін доғарып, қоя салады: - «Егер ол биологиямен айналысқысы келмесе, мен не істей аламын?!» - деп ақталады.
Біздің тәжірибеміздің нәтижесі мұғалім әр оқушының табысқа жетуде өзіндік жолын табудағы жұмыстардың тәсілдері мен формаларын іздеуде өзінің профессиональдық қажеттілігін іске асыра алады. Жақсы оқитын оқушылар үшін де пәнді меңгеруде кейбір жұмыс формалары қолайсыз болып келеді.
Таблицаны талдаудан оны құрастыру оңай болатын балалар бар. Таблицадан заңдылықты жақсы байқайтын балалар, керісінше өздігінен мәтінді таблицаға айналдыру барысында қиналады. Осы екі оқушының қайсысына жасушаның құрылысын түсіндіруде құрастыру оңайға түседі ме, әлде құрам бөліктеріне ажыртқан оңай ма? Қай оқушы ұжыммен жұмыс істегенді ұнатады, ал қайсысы түсіну үшін дауыстап оқиды? Көптеген сұрақтар «проблемалық жағдайға» әкеп соқтырады. Бір жағынан пән- биология-оқу жұмыстарының құралдары мен формалары және әдістерінің әртүрлілігін қамтамасыз етсе, екінші жағынан білім процесінде оқушылардың әртүрлілігі орын алады. Олардың сол мақсатта бағытталған кездесуін қамтамасыз ететін технология жоқтың қасы. Егер әрбір оқушының оқудағы жетістігін оқу ақпаратының ұлғаюы деп түсінбей, оқуға қабілетінің өсуі деп қарастырса, онда мұндай мұғалім оқушының оқудағы табысқа жетудегі мүкіндіктерді қарастырады. Мұғалімнің әдістемелік және басқару мәдениеті- білімнің жаңа сапасын қалыптастыру факторы ретінде болу керек. Оқушының оқу процесінде табысқа жетуде модальдық және мидың жартышарларының басымдылығы үлкен роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |