Жоба тақырыбы бойынша балаларды жеке және өзгелермен бірлесе жұмыс істеуге үйрету.
Шымкент көлі зоопарк ауданында орналасқан. Көлге тиісті орындар тарапынан қамқорлықтың жоқтығынан оны қамыс басып табиғи жағдайы нашарлаған. Оқушыларға осы көлге балықтар өсірсек оның беретін пайдасын есептеу,көлде демалыс аймағын құрып одан да табыс табу мүмкіндіктерін ескеру,ол үшін көлде біраз тазалау жұмыстарын жүргізу,керек жабдықтар сатып алу – осы жұмыстардың экономикалық тиімділігін зерттеу жобасы қойылып отыр.
Жобаны зерттеу үшін 5 эксперт тобын құрамыз.
Көлдің ауыл тарихында алатын орны.(Тарихшылар тобы)
Көлді пайдалану туралы тұрғындарының пікірін сұрып білу.(Социологиялық топ)
Экологиялық зерттеу.Көл суына және оның жақын аймағына экологиялық талдау жүргізу.(Экологиялық топ)