Орталық Азия жеріндегі ислам мәдениетінің ескерткіштері Жоспар



Дата12.05.2023
өлшемі28,59 Kb.
#92458
Байланысты:
Орталық Азия жеріндегі ислам мәдениетінің ескерткіштері copy


Орталық Азия жеріндегі ислам мәдениетінің ескерткіштері
Жоспар:

  1. Ислам мәдениетіне жалпы түсінік.

  2. Орта Азия жеріне ислам дінінің келу тарихы.

  3. Ислам мәдениетінің қғамдық өмірдің дамуына тигізген әсері.

  4. BfD

  5. FAEW

Ислам мәдениеті тар мағынада Таяу және Орта Шығыс, Орталық Азия, Солтүстік-Батыс Үндістан елдерінің ортағасырлық мәдениеті мен дәстүрін, дәстүрін білдіретін көп қырлы термин.
«Ислам мәдениеті» деген терминде әу бастан-ақ қарама қайшылық бар, себебі мұсылмандар жердің әр бөлігінде өмір сүріп, олардың арасында үлкен айырмашылық байқалады. Негізінде мұсылман ғалымдары «мәдениет» деген ұғымды қоданбаған және бұл термин батыс философиясының әсерінен пайда болған. Қазіргі кезге шейін «Ислам мәдениеті» деген терминнің белгілі шектеуі мен анықтамасы жоқ. Кейбір ойшылдар бұл терминді «Ислам үмметінің халін бұрын және қазіргі таңда болып жатқан діни, тарихи, тілдік, мәдени қарым-қатынастары арқылы және алға қойған мақсаттары мен құндылықтары арқылы тану», — деп анықтама береді. Кейбіреулер Ислам мәдениеті деп «мұсылман үмметі мен Ислам дінінің негіздерімен байланысты осы заман мәселелерін тану» — деп түсіндіреді. Басқалар «Исламның жүйесін, құндылықтарын, ойын жалпылай зерттейтін және осыларға әсер еткен адамдардың мұрасын жоққа шығаратын ғылым» — деп жалпы анықтама береді.
Арабтардың Орталық Азияға шапқыншылықтары — Араб халифатының 8 ғасырда ислам дінін тарату мақсатында Орта Азия мен Қазақстан жеріне жасаған әскери қимылдары. 633 жылдан басталып, бір ғасырдан астам үздіксіз жүргізген жорықтарының нәтижесінде арабтар оңтүстікте Солтүстік Африкаға ие болды, батысында Францияның Бурбонне аймағына дейін, шығысында Синд өзеніне дейінгі жерлерді бағындырып алып империяға айналды. Қылыш пен Құранға қатар сүйенген арабтар солтүстікке де ұмтылып, Палестина, Сирия, Ирак, Иран, Ауғанстанды жаулап алып, 705 жылы Мауераннахр жеріне басып кірді. Атақты араб қолбасшысы Құтайба ибн Муслим 710 - 712 жылдары Бұхара мен Самарқанды, 714 жылы Шаш яғни, Ташкент пен Фарабты алды. 751 жылы Талас аңғарында, Таразға жақын Атлах қаласының түбінде арабтар мен түркештер арасында зор шайқас болып өтті.
Айталық, араб мәдениетінің ықпалына түскен аймақтардың бірі – Орталық Азия. Біздің заманымыздың І-мыңжылдығының орта тұсынан бастап Орталық Азия аймағын, Қытай шекарасынан Иран мен Византия шекараларына дейінгі созылып жатқан ұлан ғайыр даланы негізінен түркі тайпалары мекен еткен.
915 – 955 «Түрік» сөзі тұңғыш рет қытай және соғды жазбаларында, атап айтқанда, Монғолиядан табылған Бұғыты жазбаларында кездеседі. Кейін көп ұзамай-ақ бұл термин византиялықтардың, арабтар мен сириялықтардың жазбаларына, сондай-ақ, санскритке, әр түрлі иран тіліндегі және тибет тілдеріндегі жазбаларға түседі. Қарастырып отырған дәуірдегі түріктер бұл ұланғайыр Еуразия даласын мекен еткен түркі тілдес, түркі тектес халықтар болып табылады. Түркілердің қатарына бұл дәуірде оғыздар, тоғыз-оғыздар яғни, ұйғырлар, телестер, тардуштар, түргештер, қарлұқтар, қырғыздар, қимақтар, қыпшақтар, яғмалар, басмылдар, шығылдар кірді.
Арабтар тарихи аренаға шығып, араб-мұсылман мәдениеті үстем болған дәуірде түріктер бастапқыда Батыс Түрік қағандығы, Түргеш, Қарлұқ қағандықтары, ал кейіннен Карахан мемлекетіне біріккен болатын. Түргештердің дәуірлеуі кезінде-ақ арабтар мен түріктер арасында белгілі жәрежеде қарым-қатынастар орын алғанына қарамастан араб-түрік мәдени байланыстары, негізінен алғанда қарлұқтар дәуірінде басталып, ал қарахандар дәуірінде өзінің ең шарықтау шегіне жетті. Орталық Азияға арабтардың келу жолдары мәселесіне келетін болсақ, арабтар түркілер жеріне тікелей жаулап алу жорықтарын жасамағандығын көрсетуіміз керек. Өйткені халифат билеушілері, көрген саясаткерлер бола отырып, ежелден-ақ жауынгер халық ретінде аты шыққан түркілерді күшпен өзіне бағындыра алмайтынына көзі жетті. VІІ-VІІІ ғасырлар аралығында Араб халифаты мен Түркі қағанаты бәсекелес күштер ретінде бейбіт қатар өмір сүрді. Орталық Азия жерінде жүргізген арабтардың жалғыз шайқасы – Талас түбіндегі шайқас түркілерге қарсы емес, керісінше, түркілермен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды.
746 жылы Жетісу жеріне Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанған еді. Ішкі күрес-тартыстан, сондай-ақ арабтармен болған ұзақ айқастан Түргеш қағандары бұрынғы құдірет-қуатынан айрылып қалған болатын, сондықтан да олар қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы аймақта белсенді саясат жүргізіп жатқан Қытай империясы бұл жағдайды өз пайдасына асыруға тырысты. Оның Шығыс Түркістандағы уәлиі 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алып, ойрандайды. Шаштың иесі өлтіріліп, оның баласы арабтардан көмек сұрайды. 751 жылы Талас жанындағы Атлах қаласы түбінде аббасилердің әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Као Шиен-Чи арасында зор арпалыс болады. Бұл қақтығыстың нәтижесінде қытай әскері жеңіліске ұшырайды. Тарихшы Ибн әл-Асирдің мәліметтері бойынша Талас маңындағы шайқаста қытайлықтар оңбай жеңіліс тапты: 100 мың адамнан 50 мың адам қаза тауып, 20 мың тұтқыдалған.
Талас маңындағы шайқастың Орталық Азия халықтарының тағдыр-талайында үлкен тарихи мәні болды. Ол «Тандық Қытайдың Орта Азия істеріне қолсұғушылығына шек қойды» және түркі халықтарының мәдени бағдары жайлы мәселесін мұсылман өркениетінің пайдасына шешіп берді. Соңғы жылдары Талас маңындағы шайқас жаңаша тұрғыдан қарастырыла бастады. Бұл шайқаспен байланысты барлық нақты оқиғалардың астарында түркілер жерінде өткен исламның қиыршығыстық өркениетпен орасан зор қақтығысуының терең мәдени-тарихи заңдылығын көре білу керек. Осы кезде Монғолия мен Алтайдан Жетісу жеріне келіп, бұл аймақта өз үстемдігін орнатуға тырысып жатқан қарлұқтардың Талас шайқасында арабтар жағына шығуы, олардың аймақтағы саяси ақуалды зерттеп біліп, түріктер үшін басты қауіп Қытайдан төніп тұрғанын дұрыс түсінгенінен болса керек. Қытай өркениетімен салыстырғанда ислам өрениті универсализмнің шын мәніндегі үлгісі болды, онда әрбір ұлт, әрбір кішігірім мәдениет өзінің дербестігін сақтады. Құран халықтарды рухани бірлікке шақырды. Ислам алғаш рет түркі тілді халықтардың ішінде қарлұқтардың қабылдағаны және жаңа өркениетке басқаларынан бұрын таратылғаны белгілі.
В.В. Бартольд: «Қарлұқтар ислам дінін халиф Махдидің тұсында-ақ қабылдай бастады» – дейді. Сондай-ақ зерттеуші М. Бұлұтай да: «775 – 875 жылдар аралығында Қарлұқ қағандығы хақ дін Исламды қабылдап, ел арасында мұсылманшылық сенім кең тарай бастады. Қалаларда мешіттер салынып, медреселер ашылды» – деп көрсетеді.
Қарлұқ мемлекеті 766 – 940 жылдары өмір сүріп, Х ғасырдың бірінші ширегінен бастап йағма және шығыл тайпаларының жиілеп кеткен одақтық шабуылдарынан күш-қуаты әлсірейді. 940 жылы Баласағұн қаласы одақтық күштердің қолына түсіп, Қарлұқ қағандығы құлады. Қарлұқ мемлекетін құлатып, оның территориясында жаңа мемлекет орнатқан әулеттің, яғни Қарахан әулетінің атасы 915 – 955 жылдары билік еткен Сатұқ Боғрахан болды және осы әулет алғаш болып ислам дінін мемлекеттік дінге айналдырады.
Арабтар Орталық Азияның экономикалық өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Олардың араласуымен қала мәдениеті өркендеді, халықар. сауда жедел дамыды, Ұлы Жібек жолындағы қатынас жанданды. VIII ғасырдан бастап Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде мұсылмандардың қамал-бекіністері - рабаттар салынды. Бұл қамалдардың бір бөлігі кейін ірі қалаларға айналды. Қала тұрғындары арасында ислам дінін қабылдағандардың көбеюіне байланысты Аллаға құлшылық ететін арнайы орындар - мешіттер мен ханакалар салына бастады. Мешіттер рухани орталықтар қызметін атқарды. Кейін мешіттер жанынан арабша сауат ашатын медреселер ашылды. Біртіндеп көне түркі жазуының орнын араб жазуы басты. Түркілер лексикасына араб сөздері кеңінен ене бастады. Хиджра жыл санауы енгізілді. Тұрмысқа жаңа діни мейрамдар қосылды. Қайтыс болған адамдарды мұсылманша жерлеу дәстүрі орныға бастады. Қазақ сахарасында Шығыстың “Мың бір түн” сынды классик. туындылары, исламды дәріптейтін Нұх пайғамбар, Құран хиқаялары, діни аңыздар, “Сал-сал”, “Зарқұм”, “Жүсіп-Зілиха” секілді тағы да басқа дастандары кеңінен тарады. Қазақ даласына исламмен ілесіп дүниені жаңаша тануға бағытталған ғылым мен білім келді. Арабтар Қазақстанға шығыстың озық мәдениеті мен өнерін әкелді. Қазақ жерінде Әбу Наср әл-Фараби сынды әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосқан ғұламалар өсіп шықты. Ислам басты дінге айналып, оның қағидаларын орындаушылардың қатары көбейді. Мұсылмандардың қасиетті кітабы - Құранды құрметтеуге үйретіп, бір Аллаға бой ұсындырған жаңа дін түркі тілді жұрттардың туысқандық бірлігін нығайта түсті. Кейін ислам діні түркі халықтарын жаппай орыстандыру әрекетіне қалқан болды. Орталық Азияның арабтар арқылы ислам өрісіне тартылуы түркі жұртының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени даму үрдісін жеделдеткен фактор болды.
Ислам діні тарих сахнасына шыққалы бері білімге айрықша көңіл бөлді. VIII-XIV ғасырларда білім мен ғылымға арқа сүйеген мұсылман өркениеті әлемнің ғылыми, мәдени, рухани орталығына айналып, білім иелеріне ерекше қолдау көрсетеді. Діни негіздерден нәр алған ислам мәдениеті өзге өркениеттердің ғылыми жетістіктерін қабылдап, оларды бейімдеді, әрі қарай дамытты. Сол кезеңде білім дін­нің негізгі ерекшеліктерінің бірі болды.

Осылайша, ислам мәдениеті Батыс өркениетінің дамуына зор ықпал етіп, адамзаттың дамуына даңғыл жол ашты. Араб жазуы ғылым құралы рөлін атқарып, ақпарат пен бі­лім оған дейін адамзат тарихында болмаған ауқымда кең таралды. Ең бастысы ислам дінінде ақыл мен жүрек арасында қайшылық болмады. Ислам философиясы бойынша құдай заттарды адамдар ойлансын, па­йымдасын деп жаратқан. Адам құдай мен заттарды тануы үшін дінмен қатар сол заттарды – табиғатты зерттейтін ғылымдарды жаратқан. Орта­ ғасырлық Батыста білімді мойындамаған дін ғылымға қарсы соғыс ашып, діни фанатизм, инквизиция, соғыстар мен им­периализмге жол берді. Қазір де мұсылмандар надандықтан, тар ұғымдардан әлі де құтыла алмай келеді.


ХIV ғасырдан кейін мұсылман әлемі белгілі объективтік себептерге байланысты дамуда артта қалды. Мұсылман аймағында ауызбіршіліктің болмауы, исламның кең пейілді, терең рационалды және рухани негіздерінің орнына шектеулі, аясы тар формализмнің салтанат құруы, сыртқы күштердің жорықтары, Жібек жолындағы халық­аралық сауданың тоқырауы, Еуропадағы демографиялық өсім, капитализм мен өндірістік төңкеріс сияқты себептер жатады. Жаңа дәуірде мұсылман елдері түгелдей дерлік әлемдік геосаяси алпауыт күштердің ықпалына тәуелді болып, ғылым дамымады.
Отаршылық кезеңін басынан өткерген көптеген мұсылман елдерінде саяси, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық мәселелер ұзақ жылдар бойы шешімін таппай, Таяу Шығыста үздіксіз халық наразылығының басты себебіне айналды. Аймақта тарихи жағдайға байланысты білім мен ғылым мәселелері екінші қатардағы проблемаларға айналды. Кейбір мұсылман елдеріндегі діни радикализм надандықпен қатар кедейліктен бас­тау алады. Ал негізінде, дамыған елдерде білім, ғылым және тех­нологияның дамуы адамның саяси-экономикалық құқықтарының қорғалуына байланысты екені белгілі.
Ислам тек сенімді білдіретін дін емес, сонымен қатар, өркениеттің де қайнар бұлағы. Қазақстанға территориясына ислам дінімен бірге мәдениеті де келді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлерінде қалалар бой көтере бастады. Ал, қалалар кешенді құрылыстарымен ерекшеленеді. Сол құрылыстарға мешіт, медресе, рабат, кесене, кітапхана, монша құрылыстарын жатқызуға болады. Мешіттер құлшылық орны болумен қатар, сәулет өнерінің туындысына да жатады. Мешіттер сәнді кескіндемемен, мозаикалық керамикамен, бедер суреттермен безендірілген. Ислам әдебіне сай адам және жануарлардың орнына ою-өрнектер мен араб көркем жазу өнерінің стильдері де кеңінен қолданылған. Жалпы алғанда, мешіттердегі безендірулер Ислам дінін насихаттаудың бір түрі ретінде есептелген.
Ислам архитектурасының ең бір ғажайып туындысы Меккедегі үлкен мешіт. Ол - ашық алаң ортасына Қағба орналасқан, төрт жағынан бірнеше қабат ашық галереямен қоршалған, оған тарихи Сафа, Маруа төбелерін галереямен жалғастырып қосқан үлкен кешен.
Дамаск (Шам) Мұсылман халифатының орталығына айналып, билікке Омейя әулеті келген кезде Сирия мен оның төңірегіндегі елді мекендерде аса ірі қамалдар тұргызылып, көптеген мешіттер мен сарайлар салынды, мысалы: Каср әл-Хаир әл-Ғабри, Уалид Кусейр-Амра. Арабтар 711 ж.Пиреней түбегін жаулап алып, кейін Кордова халифат кұрылған кезде осы өлкеде де ғажайып Ислам архитектурасы ескерткіштері тұрғызылды. Атап айтқанда, Кордовадағы үлкен мешіт, Гранада әмірлерінің сарайы.
X - XIII ғасырлары Ислам діні қанатың кеңге жайып, Орталық Азияға, Үндістанға, Кавказға тарала бастады. Ислам дінімен катар, аталған елдерде Ислам архитектурасы да өркендеді. Мысалы, XIII ғасыры Делиде салынған әйгілі Кутб-Минар мұнарасының биіктігі 70 м-ге, табанының диаметрі 16 м-ге жетті. Бұл мұнараның өне бойы ою өрнекті 24 шығыңқы кернеумен безендірілген. Бұған қоса Делиде мешіт ауласында тұрғызылған Темір мұнарасы бар. Ахмадабақтағы 1427 жылы салынған Джамми-Мадджид мешіті 70х30 м-ге алаңды алып,онда 260 бағана 15 күмбезді ұстап тұр. Ұлы моғолдар билігі тұсында Үндістанда атақты Тәж-Маһал 1630 – 1652 жылдары салынады. Оның сырты әлемде теңдесі жоқ ою-өрнектермен, алтын-күміс мозаикалармен көмкерілген, жақтаулары Құран мәтіндері- мен нақышталған. X - XII ғасырлар Иран, Ауғанстан. Орта Азия мен Қазақстанда көптеген Ислам архитектурасы ескерткіштері салынды.
Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған.XI - XII ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер - терракота кеңінен қолданылды. Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу орын ала бастаған. X- XII ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған. Бұл құрылыс жүйелерінің салынуына ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Бұл кездегі ғимараттар – мешіттер, кесенелер, мазарлар, моншалар. X ғасырдағы араб - парсы деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттер болғандығы айтылған. Тараз қаласының батыс жағында, 18 км жерде Бабаджа - қатын, Айша - бибі кесенелері орналасқан. Бұл екі кесене – алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер. Отырар моншасының жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас болып келеді. Тараз қаласынан екі монша табылған. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің жанында шығыс моншасы салынған. Сонымен, орта ғасырдың дамыған кезінде архитектуралық сәнділігімен ерекшеленетін құрылыстар – шығыс моншалары болып табылады.
Таяу Шығыстағы сәулет өнерінің таңғажайып туындыларының бірі - Сирияның Алеппо қаласының орталығындағы төбеде тұрған цитадель. Исламдық әскери архитектураның бұл мысалы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Археологтар тапқан кейбір бекіністер Рим дәуіріне және одан да ерте кезеңдерге жатады. Ішінде үйлер, қорлар, құдықтар, мешіттер және бекіністер - соғыс кезінде немесе ұзақ қоршау кезінде ұстап тұруға қажет нәрсенің бәрі бар. Шамамен 1213 жылы салынған үлкен кіреберіс ғимараттар кешенінің ең әсерлі бөлігі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет