1 — ми аяғы; 2 — мишықтың үстіңгі беті; 3 — гипофиз; 4 — ақ пластинкалар; 5 — көпір; 6 —тісті ядро; 7 — ақ зат; 8 — сопақша ми; 9 — олива ядросы; 10 — мишықтың төменгі беті; 11 — жұлын
Жоғарғы аяқша
Төменгі аяқша
Ортаңғы аяқша
Ортаңғы ми (mesencephalon)
Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).
Ортаңғы ми, mesencephalon, филогенез үрдісінде негізінен көру рецепторының әсерімен дамиды. Сондықтан оның ең басты түзілістерінің көзді нервтендіруге қатысы бар. Бұл жерде есту орталықтары да түзілді. Ортаңғы мидың екі негізгі бөлігі болады: қыртысасты есту және көру орталықтары орналасатын төбесі мен негізінен өткізгіш жолдар өтетін ми аяқшалары