Қош бол, алтын ұя мектебім! Жоспар: 1.Мектепке арналған өлеңдер 3. Ән:/ Ұстазым/ 3.Ән: /Попурри/ 4.8-9 сынып флешмоб (ұлдар) 5. Мектеп ұстаздары мен қызметкерлеріне арнау өлең жолдары /ашық хат сыйлау/ 6. Вальс 7.Қоштасу тілегі 8.Ән /Қош бол мектебім/
Бөлім
Амир: Қайырлы күн, ата- аналар, ұстаздар!
Кез келді бүгін міне жыр ақтарар,
Сыңғырлаған қоңыраудың үндері
Мәңгілікке есте қалар гүл шақтар.
Білім кілтін табыстау Білім кілтін тапсырушы сөзі: (Амир) Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп , үздік оқу-ізбасарым саған аманат!
Білімннің алтын қазығы, білім кілті саған аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау-саламат!
Білім кілтін қабылдаушының сөзі:( Ерхан) Біз 8 сынып оқушылары : Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып , бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға , білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға , мемлекетімізді гүлдендіруге , дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға мектебіміздің мәртебесін биіктетіп , жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз.
Бөлім__/Нұртас_тақпақ/_Амир'>/ Ән / Попурри/ /8-9 сынып флешмоб биі/ Бөлім
/Нұртас тақпақ/ Амир: Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар мен өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Бір алаңсыз балғын шақты балалар
Бүгін міне мектеппен қоштасты
Бөлім
Ашық хаттар сыйлау /Вальс/ Бөлім
Хор: Қош, ақ Отау, киелі шаңырағым
Қасиетіңе мәңгілік табынамыз
Ұмытпайды қарлығаш өз ұясын,
Сағынамыз сіздерді сағынамыз!