Бекарыс Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық, Билейік, жыр жырлайық ән салайық. ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді, Арқаңды кеңге созшы, уа халайық! Айжан Қанекей, қарсы алайық жылдың басын, Қосылып жасқа жасың, басқа басың. Барайық келер жылға төрт көз түгел, Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.
Мәди: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке, Қастерледік қадіріңді білдік де. Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған, Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Жанали:Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы халықтың,
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік біз сізге!
Назымжан Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.
Жарқырасын Сұлужондай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
Жарқырасын Сұлужондай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
Жарқырасын Сұлужондай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
Жансая:Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.