Қош келдің- Әз-Наурыз! Айгөлек тобы «Хор Көктем құлпырып!» Фанфар. Жасмина: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!»


Аяла: Наурыз келді алақай, Кел билейік балақай, Бізде қарап тұрмайық, Тойға шашу шашайық! Қ.Айша



бет4/4
Дата05.04.2023
өлшемі24,22 Kb.
#79682
1   2   3   4
Байланысты:
22 наурыз

Аяла: Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!
Қ.Айша: Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Айша: Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Әмина: Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат - күлкімен қуаныш
Еліме сыйлар жұбаныш.
Ханзада: Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
Айзере: Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Тұмар: Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.


«Шаттық» тобы Хор Көктем


«Шаттық » тобы «Айдар алу» салт-дәстүрі!
Бүгін Наурыз мерекесіне орай Мансұр баламыздың айдар шашын алмақшымыз. Қазақта «айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған.
Айдар койған балаға арнап мал сояды. Ауылдағы ақсақалдарды шақырып, баласына бата алады. Өнерлі немесе батыр, ортасында сыйлы адамдардың орнына баланы аунатып, «балам осы адамдай болып өссін» деп тілек тілейді. Бірақ «айдар шашты» баланың бәріне бірдей қоя бермеген деген де сөз бар. Негізінен зарығып көрген балаға айдар қойған дейді. Ал ертеде көп жағдайда хан ұрпақтары, бай-манаптар өздерінің ең жақсы көрген және өзінің орнын басады-ау деген балаларына ғана айдар қойған екен. Айдарды он екі жасқа толғанда алып, алғашқы мүшел жасының құрбандығы ретінде ел-жұртқа көрсетіп, мал сойып, баласының ержеткендігін паш етіп, елдің батасын алатын да салт бар.


«Айгөлек» тобы салт-дәстүр «Бесікке салу»


Айша:Жаңа жыл, жаңа тарих баспалдағы,
Алатын асуларын асқардағы.
Қазақтың кең көсілген даласында
Жазылсын болашақтың дастандары.
Мансұр:Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
Ендеше, тойшы қауым, бүгінгі наурыз тойымыздың наурыз батасын жасы үлкен ата-әжелерімізден сұраймыз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет