«Қош келдің, әз Наурыз!» Мақсаты



бет3/5
Дата16.04.2022
өлшемі24,87 Kb.
#31183
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қош келдің

1 жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.

1 - жүргізуші: Алқа - жұртым, той - думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Ән: «Құтты болсын әз Наурыз» Ақмарал қыздарыңызды қарсы алыңыздар

1 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

10- ші сыныптардың дайындаған «Құда түсу» дәстүрін тамашалаңыздар

1 - жүргізуші:

Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
Ән: « Бұлбұл» Оралбай Надира

1 - жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

9 - сыныптар дайындаған «Беташар» ды тамашалайық



1 - жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.
Ән: «Саржайлау» Ботакөз қыздарыңызды қарсы алыңздар.


1 - жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.

7 – ші сыныптар дайындаған «Сүйінші , Ат қою» дәстүрі


1 - жүргізуші: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша – 5 сынып оқушылары «Қазақша би»

1 - жүргізуші:

Мол, мол болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін тыныштық.

Орыс сыныптары: «Қырқыннан шығару»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет