Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!»
Әуен ойналып тұрады.
Барысы:
1 - жүргізуші:Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!