«Қош келдің, әз Наурыз!»



бет2/2
Дата24.08.2023
өлшемі33,47 Kb.
#105531
1   2
Нұрали
Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!

Айшат
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.

Айсұлу
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа ауызмыз толады
Бар жақсылық болады.

Қ.Ануар
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне!

Айсұлтан
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Жаңа жылым бармысың .

Марлен
Осыншама жақсылық ,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.

Мейіржан
Көлдің мұзын күн тесті,
Әппақ тонынын жер шешті
Жан-жақтан күн күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.

П.Әнуар
Бата беріп апамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татыңыз.

Таңжарық
Жақсылыққа бас болып,
Алдымызға ас болсын.
Келген Наурыз құт болсын,
Берері тағы мол болсын.

Эмиль
Жылдың басы Наурыз,
Жырдың басы Наурыз.
Наурызға арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз

Балауса  Әнім де саған биімде саған,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш силап еліме,
Күлімде Наурыз, күлімде!

Нұртас Наурыз күні той думан,
Ортамызды ашайық .
Ән мен күйді төгіп,
Биден шашу шашайық .

Абылай Наурыз келді балалар,
Көктемде күн жағалар.
Наурыз тойын тойлайық ,
Қызығына тоймайық.

Жанали: Армысыздар халайық,
Әркез аман болайық.
Наурыз тойын әр жылда,
Бірге қарсы алайық.

Медина Наурыз тойы береке,
Наурыз тойы жыр-аңыз.
Қызық думан мереке,
Қызық думан құрамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет