Аружан:Әжем менің әліде
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді.
Қажет болса бәріңе.
Айдай: Мені жақсы көреді
Күндей күліп жүреді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Ән: «Сағынды әже, сағындым».
Көктем аруы:Жарайсыңдар, балалар! Өте талантты балалар екенсіңдер! Ал, ендеше мен қайтайын, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Рахмет сізге Көктем аруы. Сау болыңыз.
Жүргізуші: Тамшылар! Бұл жаңбырғой! Бұл көктемнің алғашқы жаңбыры балалар.
Осы кезде әуенмен жаңбыр залға кіреді.
Жаңбыр: Алақай! Бұл – мен! Мен жаңбырмын! Армысыңдар балалар мен аналар! Мен жер жүзіне көрік сыйлаймын, өсімдіктерді суарамын. Міне көктем де келіп жетті. Осы өлкеге келгенімен өте қуаныштымын. Ал, сендер қуаныштысыңдырма? Көңіл-күйлерін қалай?
Балалар: Иә, қуаныштымыз!
Жаңбыр: Тамаша! Мен сендермен ән шырқайын көңіл көтеремін. Әсіресе билегенді ұнатамын.
Жүргізуші: Жаңбыр бізде биді жақсы көреміз!
Би: «Гүлдер»
Жаңбыр: Тамаша! Бұл билерің маған қатты ұнады. Балалар, мен қыс мезгілінде аппақ қар болдым, ал көктем мезгілі келісімен жылы жаңбырға айналдым. Балалар сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме?
Жүргізуші: Біздің балалардың барлығы аналарына ылғи көмектесіп жүреді.
Жаңбыр: Ойын « Үздік көмекші». Ойын шарты: Қазір мен екі баламен өз аналарын ортаға шығарып, ілініп тұрған орамалды аналарына жылдап әкеліп беруді сұраймын. Әйтпесе менің тамшыларым орамалдарды сулап тастайды.