Сабақтың тақырыбы: «Қазіргі таңдағы оқыту технологиялары»



Дата15.04.2023
өлшемі19,93 Kb.
#83207
түріСабақ

Пән : Жаңа педагогикалық технологиялар

Оқу орны: ЕАГИ жоғары колледжі

Күні : 19.10.2022

Оқытушы:

Тобы: КЯЛ-31

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

« Қазіргі таңдағы оқыту технологиялары»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Қазақ тілі сабақтарында жаңа технологиялардың тиімділігін айқындау;
тиімді технологялар арқылы қазақ тілін оқыту және оқушыларды шығармашылыққа баулудың ғылыми-теориялық негізін көрсету;
қазақ тілін оқыту кезінде шығармашылыққа баулудың тың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындап, тәжірибеде қолдану;
қазақ тілін оқыту кезінде шығармашылыққа баулудың әдістерін сараптай отырып, нәтижелігін байқау.



Сабақ мақсаты:

Жаңа технологиялар туралы мағлұмат беру;
Технологияларды қолдана білуге үйрену;

Бағалау критерийі:

Тақырыпты түсіну.
Өз пікірін білдіреді.
Топтық жұмыста өзін белсенді көрсету.

Құндылықтарды игерту:

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Оқулық, сұрақтар, стикерлар

Осыған дейін меңгерілген білім

« Кәсіптік білім беру жүйесі» тақырыбы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер



Сабақтың басы
10 минут

5 минут

Сәлемдесу. Түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру үшін «Ыстық орындық» әдісін қолдану. Өткен тақырып « Кәсіптік білім беру жүйесі». Аудиториядағы 1 студентті ортаға шығарып, орындыққа отырғызу. Ал қалған студенттер өткен тақырып бойынша оған сұрақ қойып, осылайша студенттің алдыңғы тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау.

« Миға шабуыл» әдісі

1. Технология дегеніміз қандай мағына береді?


2. «Педагогикалық технология» дегенді қалай түсінесіздер?
3. Пед. технологияларды сабақта не үшін қолданамыз?
4. Оның оқытудағы рөлі қандай деп ойлайсыздар?
5. Пед. технологиялар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне қандай септігін тигізеді?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау

критерийлері мен жұмыс алгоритмімен таныстыру.



Оқулық



Сабақтың ортасы

25 минут

10 минут

5 минут



Студенттерді топқа бөлу.
Санақ бойынша студенттерді 4 топқа бөлеміз.

Тапсырма. Бөлінген 4 топ бойынша студенттер жаңа тақырыпты өздері меңгеріп, 4 ке бөліп оқиды. Оқып болған соң, топ мүшелері ортаға шығып, оқығандарын мазмұндап айтуы тиіс. Отырғандар тақырып бойынша сұрақтар қояды.

2- тапсырма. « Технология» сөзіне топпен сөзжұмбақ құрастыру. Өткен тақырыптарды қосуға болады.
Тапсырманы орындаған соң топтарға жасыру, балалардың тақырыптарды қаншалықты меңгергенін анықтау.

Оқулық

Сабақтың соңы
5 мин



Рефлексия
1.Сәтті шыққаны ....
2.Келесі қадамда нені ескеру керек?
Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды. Өз бағаларын стикермен қорытындылайды.

Оқулық


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет