Нұрперзент: Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан.
Мерекеңіз бүгінгі
Құтты болсын ана жан.
Ән: «Анашым»
Балалар орындарына отырады. Көктем аруы кіреді.
Көктем аруы: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал еккенмін!
Құрметті әжелер, аналар! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Гүлдей жайнап, құлпырып жүреберіңіздер!
Жүргізуші:Көктем аруы, біздің мерекемізге қош келдіңіз, біздің бүлдіршіндердің өзіңізге арнаған әнін қабыл алыңыз.
Ән: «Көктем келді».
Жүргізуші:Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан – деп, ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.
Би: «Қызғалдақтар».
Ойын: «Гүл жинау». Шарты: 2 түрлі гүлді жинау және өз аналарына сыйлау. Ойынның шарты бойынша ортаға екі ана шығады. Балалары аналарына қарама-қарсы аралық алшақ тұрады. Жерге шашылған гүлдерді жинап, аналарына сыйлайды. Кім көп гүл жинаса, жеңіске жетеді.
Көктем аруы: Мен қалай келмеймін бүгін сондай керемет күн әжелер мен аналар мерекесі.
Жүргізуші: Мерекені жалғастырамыз. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекесімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған келесі әнімізді, тақпақтарымызды әжелерімізге арналады.