«Қош, сүйікті Әліппем!» Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. Мақсаты


Мұғалім: Рахмет сіздерге, құрметті ата аналар! Қазір балаларыңыз сіздерге өз алғыстарын айтып, әндерін арнайды. Хасан



бет5/6
Дата15.11.2023
өлшемі39 Kb.
#123231
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
әліппе қош сценарий

Мұғалім: Рахмет сіздерге, құрметті ата аналар! Қазір балаларыңыз сіздерге өз алғыстарын айтып, әндерін арнайды.
Хасан: Алфавит сыры
Ерке: «Мен кішкентай баламын»
Мен кішкентай баламын,
Айтқан тілді аламын.
Апам нанға кеткенде
Үйде ойнап қаламын.
Шкафтарды ашпаймын,
Кітаптарды шашпаймын.
Текшелерден үй жасап
Қызық ойын бастаймын.
Қарындашты аламын,
Қағазға сурет саламын.
Ән: «Ақ мамам»
Мұғалім:
Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталып келеді! рұқсат Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін және Әліппені аяқтағаны жөнінде сертификат табыстау үшін мектеп директорын шақырамыз. (Әліппені бітіргендері үшін куәлікті тапсыруға рұқсат етіңіздер.)
Куәлікті тапсыру.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі. 
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

«Әліппеге мың алғыс!» әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру, алма ағашы.
Кейіпкерлер:ханзада,ханшайым,алма ағашы,
Жүргізуші мұғалім:
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппеге мың алғыс!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі,бірі әзірге жалғызы,ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.
-Ендеше,кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!Сонымен «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!
-Ерте,ерте,ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек.Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шетіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып,көкке шарлап өседі.Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?
Ханзада: Е,ханшайым,біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?
Ханшайым: Ханзада,мұның да бір себебі болар-ау!
Алма ағашы: Уа, ханзада мен ханшайым,маған күн шуағы жеткілікті,суда бар.Бірақ жемістерім жоқ,неге екенін өзім де түсінбеймін.
Ханзада:Иә,солай шығар!Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін орман іші тып-тыныш?
Ханшайым:Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.
Cиқыршы қыз: Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай кеш,ешқандай сабақ өтпейді. Сол себептен осы ормандағы тіршілік есінің бәрі ұйқыда
Ханшайым :Онда оларды оятайық.Сен оған көмектесші.
«Ертегілер әлемі». Сиқыршы қыз ормандағы тіршілік иелерін оятады.
(Сахнада жайлы әуен ойналады. Ортаға Әліппе шығады)
Әліппе
Армысыздар,жас достар!
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы халықтың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп.не білдік.
Қане.ортаға салайық!
-Амансыздар ма.ханзада мен ханшайым. Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім.ендеше олар сізге көмек беріп қалар.
-Менің әр әрпімнің сыры бар.Іші толып толған ғажап.Қазір өздері де таныстырар.
(Әр әріп өздерін таныстырған сайын ағаш жеміс бере бастайды)
А әрпі:Ата,зейін салдың ба?бар әріптің алдында,
Неліктен А тұрады?
Деп бір күні сұрады?
Атам менің сауатты
Былай берді жауапты
Ата,ана,ақыл,ар,адам
А дан басталар,содан шығар құрбаным,
А ның алда тұрағаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет