Осы құжат «Электронды құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 003 жылғы қаңтардағы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата01.10.2023
өлшемі111,97 Kb.
#112188
1   2   3   4   5
Байланысты:
188c0c31f5a22583bdf518d64a1f0486

4. Өзге де шарттар:
4.1. Осы келісімшарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіппен екі
тараптың біреуінің бастамасымен кез келген уақытта бұзуға болады.
4.2. Осы келісімшартты орындау кезінде екі тараптың арасындағы даулар Қазақстан
Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіппен шешіледі.
4.3. Осы шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды, оған қол қойылған сәттен бастап
күшіне енеді және академиялық күнтізбеге сәйкес оқу жылына (
25.05.2024
дейін және/немесе
көктемгі семестрдің соңғы емтиханын дейін және/немесе практиканың соңына дейін) жарамды.
4.4. Осы келісімшарттың бөлінбес бөлімі болып берілген бөлменің қабылдау және тапсыру
кесім табылады.
4.5. ТЖ, карантин немесе әртүрлі инфекциялар мен пандемияға қарсы күрестің алдын алуға,
Білім алушылардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған басқа да шектеу шараларын енгізу кезінде
Университет Студенттер үйінде тұруға шектеулер мен талаптар енгізуге және Студенттер үйінің
жұмыс кестесін қысқартуға құқылы.
5. Студенттер үйінде тұру ережелері:
5.1. Алкогольдік ішімдіктерді ішуге, темекі шегуге және құрамында есірткі және темекі бар
заттарды қолдануға тыйым салынады.
5.2. Студенттер үйі мүлкін, сондай-ақ басқа тұрғындар мен қызметкерлердің мүлкін ұрлауға
немесе алуға тыйым салынады.
5.3. Қоқыс тастауға, бөлмені, дәлізді, тұрмыстық бөлмелерді, санитарлық тораптарды,
Студенттер үйі холы мен аумағын ластауға, жануарларды кіргізуге және асырауға тыйым
салынады.
5.4. Студенттер үйінің директорының рұқсатынсыз Студенттер үйінен сағат 23.00-ден, 23:30-


Осы құжат «Электронды құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы
Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен маңызы бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от
7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
дан (1 сәуірден – 1 қараша) кейін шығуға және кіруге, шу шығаруға, кештер мен дискотекалар
өткізуге, кешкі уақытта музыка қоюға, бөгде адамдарды Студенттер үйіне шақыруға және
кіргізуге тыйым салынады.
5.5. Негізсіз дауласуға, Студенттер үйі әкімшісімен және қызметкерлерімен жанжалдасуға,
Студенттер үйінде тәртіпті сақтауға қатысты талаптарды орындамауға тыйым салынады.
5.6. Төбелесуге, балағат сөздер айтуға тыйым салынады.
5.7. Адамды моральдық, рухани және физикалық тұрғыдан қорлауға, денсаулығына зиян
келтіруге, ақша талап етуге, бөлмеге рұқсатсыз кіруге және жеке заттарды бір-бірінен алуға
тыйым салынады.
5.8. Студенттер үйі директорының рұқсатынсыз басқа бөлмелерге көшуге тыйым салынады.
5.9. Студенттер үйі әкімшісінің рұқсатынсыз бөлмеде, секцияда өз бетінше жөндеу
жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
5.10. Бөлмеде микротолқынды пештерді, жылытқыштарды, плиталарды және электр
шайнектерін пайдалануға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет