Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттер туындады


Педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады



бет12/16
Дата29.07.2022
өлшемі264,5 Kb.
#37976
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.
Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйе қызметiнiң нақты нәтижесi мен мақсат арасындағы нормадан ауытқуды ғана бақылаушы емес, мақсатта, нормада, стандартта кеткен кемшiлiктердi анықтаушы, жетiстiктерге жету жолдарын түзетушi мәлiметтермен қамтамасыз ететiн керi байланыс.
1. Педагогикалық мониторинг — жасалған жұмыс нәтижесі және баспа құралдары монографиялар, диссертациялар, журналдағы мақала және жарияланымдар арқылы педагогикалық объектінің, құбылыстың күй жайын зерттеу.
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап білім деңгейін оқушы өзі бақылап отырады. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.
Мониторингінің ерекшеліктері:
1. Оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенің, аздау алғанын байқап, білімдегі олқылықтарды жою мақсатында тапсырмалар жүйесі ұсынылады.
2. Шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз қатарласынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады.
3. Өз зейінін тәрбиелейді.
4. Білім жүйелігі мен тізбекті байқайды.
5. Ойланып оқуға дағдыланады.
Білімділік мониторинг көп деңгейлі жүйе.
1 - деңгей (жеке, дара және дербес) оны мұғалім жүзеге асырады.
2 - деңгей – мектепішілік. Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады. Сыныптардың даму динамикасы бақыланады. Тоқсан, жартыжылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау жүргізіледі.
3 - деңгей. Білім мекемесінің даму динамикасын байқау.
Мұғалімнің педагогикалық іс - әрекетінің мониторингі оқу процесінің негізі болып табылады [30].
Мұғалімнің іс - әрекетін бағалаудағы мониторингінің негізгі мақсаты: педагог кадрлардың шеберлік біліктілігінің артуы, инновациялық тапсырмаларды іске асыру жолдарын меңгеру көрсеткіштері.
Педагогикалық іс - әрекетті бағалаудағы мониторингтің 3 кезеңі бар:
1 - кезең. Дайындық кезең. Мақсат қойылады. Бақылау объектісі таңдап алынады. Бақылау жоспарланады.
2 - кезең. Практикалық кезең. Ақпараттар жинақталады:
- нормативті құжаттар таңдау;.
- сабаққа қатысу;.
- білім, білік дағдыларын бақылау;
- сауалнама жүргізу;
- тест алу;.
- өзін - өзі бағалау.
3 - кезең – талдау, яғни алынған мәліметтерді өңдеу:
- ақпараттарды талдау, жинау;.
- бақылаудың қорытындысын шығару, ұсыныстар енгізу.
Мониторинг жүргізу не береді?.
- Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін нақтылайды.
- Мұғалімнің педагогикалық мүмкіндігін анықтайды.
- Мұғалімге нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді..
- Мектепішілік басқару процесін жүзеге асырады.
Қорытынды: сонымен, әр жұмыс дұрыс жоспарланып, қадағаланып, болжам жасалып, сарапталып отырса, жүйелі мониторинг жасалса, білім сапасының артуына ықпал етуі әбден мүмкін. Бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол өздігінен қаншалықты ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш - қуаты, көңіл - күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет