Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттер туындады


Бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалаудың маңызы



бет2/16
Дата29.07.2022
өлшемі264,5 Kb.
#37976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1 Бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалаудың маңызы
1.1 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары

Орта ғасырда Германия мектептерінде алғаш рет үш баллды бағалау жүйесі пайда болған. Әр балл сынып оқушыларының үлгерімін, басқа оқушылардың үлгерімімен алатын орнымен, дәрежесін білдірген. /1-ші-өте жақсы, 2-ші орташа, 3-ші нашар/. Кейін орташа дәрежені иеленген оқушыларды сыныптарға бөлген. Ресейде бес баллдық шкаланы алып пайдаланған. Осыдан барып баллға басқаша мән бере бастаған. Баллдың көмегімен оқушылардың дүниетанымын бағалауға тырысқан. Мұндай көзқарас негізінде Базедовтың 12 баллдық бағалау жүйесі орнайды. Базедов Иоганн-Бернгард /1724-1790/ неміс педагогы, филонтропизмнің педагогикалық ағымының негізін салған. 1774 жылы Дессау қаласында тәрбиелеу мектебін ашқан. Бұл мекемеде тәрбиеленушілерді мадақтау үшін өзіндік ерекше бір мадақтау жүйесін қолданған. Мақтау негізінде арнаулы тақта болған. Осы тақтаға оқушылардың аты жөні жазылған. Аты-жөндерінің жанына нүктелер қойған. Осы нүктелердің санына қарай тәрбиеленушілерге жеңілдіктер мен жетістіктерді тағайындаған. Жинақталған нүктелер санына қарай тәрбиеленушілерді қандайда бір үздік белгімен немесе тәттілермен марапаттаған. Нүктелердің саны он екіге шектелген. Кейінірек нүктелерді жеке жауаптарға және оның сапасы мен дұрыстығына қарай қойылған. Мектеп тәжірбиесіне енген әртүрлі елдердің бағалары әлеуметтік маңыздылығына ие болған. Оқытудың бағалау жүйесінің кемшілігі XIX ғасырда орта кезінде байқалған. Баллдық бағалау жүйесіне көптеген педагогтар қарсы болған. Себебі олардың ойынша балл /сан/ арқылы баланың адамгершілік сапалары мен баланың еңбек жағдайы бағаланбайды деп санаған. Педагог тек қана әр оқушының білім деңгейін, дағды мен іскерлігін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар әр оқушыға және олардың ата-аналарына оқытудың жетістіктерін оқуға үлгермеушілік жағдайларын түсіндіре отырып меңгерту қажет. Осының негізінде үлгермеушіліктің себебін анықтап беру міндеті жүктелген [1, 34 б.].


1917 жылы Ресейде бағасыз оқыту идеясы әрі қарай өз дамуын жалғастырды.
Баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға байланысты. Барлық жинақталған білімді меңгерудегі ынталандырудың әсері, дағды мен әдеттерді қалыптастыруы, өзінің белгілі жеке сапалы қасиеттерін жетілдіруіне байланысты.
Барлық қабілеттер баланың жетістікке жетуіне кепілді бола алмайды. Қажетті мотивацияның баланың бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді және сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да аз белсенділік көрсетеді. Мотивацияның тапшылығы болған жағдайда бар мүмкіндіктері қабілетке айналмайды, зияткерлік және жеке қабілеттері өте бояу дамиды. Қолайлы жағдайдың болмауы да әсер етеді. Қорытынды нәтижесінде баланың жеке дамуы қалыптасып, жаңа біліммен, әдеттерді қажеттілік ретінде сезіп, өзін-өзі жетілдіруге және дербес дамуын жетілдіруге тырысады.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды қорлардың болғанымен, бірақ тәжірибиеде мотивацияның жеткіліксіздігінен барлығы қолданылмайды.
Мұндай жағдайлардың себептері әртүрлі. Біріншіден, барлық мотивтердің белгісіздігі, балалардың әртүрлі жасы, әртүрлі индивидуальді ерекшеліктері оқуда қалыптасады. Жеке, сапалы, жаңа қарым-қатынастар, білім, дағды және әдеттер қызығушылықтың негізінде байқалады. Екіншіден, біздер өсіп жетіліп және педагог қызметін атқарғаннан кейін барып алғаш рет балалардың оқу мотивтері жөнінде ойлана бастаймыз, бала бақшадан шыққанымыздан соң барып балалардың тәртібі жөніндегі мотивтер, түпнұсқалар мен болжамдар туралы ойланамыз. Біздің берген болжамдарымыз бен ойларымыз дұрыс шығуына кепілдік бере алмаймыз. Біз негізінде балалардың бойында жоқ нәрсені бар деуіміз мүмкін және оларға ненің маңызды екеніне мән бермеуіміз де мүмкін, оқыту және тәрбиелеуде дәлеліміз дұрыс болуы да мүмкін. Үшіншіден, балалар арасында әртүрлі индивидуальді айырмашылықтар болады, бір балаға бір нәрсенің оған маңызды болуы, келесі балаға мүлдем қызықсыз болуы да мүмкін. Ең соңында төртіншіден, мотивацияның өзі, жинақталған мотивтің өзі де кейде бір жағдайға орай өзгермелі болады. Бұл себепке орай оқыту және тәрбиелеу негізінде жағдайдың бірі қызықты болып келесі біреуіне қолайсыз болады. Оқыту мен тәрбиелеудің ең басты міндеті осы негізгі айтылған төрт мотивацияның өзгеру себебіне байланысты. Мотивацияның төмендеуіне жол бермей тәжірбие жүзінде тиімді шартты қолдана білуге үйрену [2, 56 б.].
Балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде қандайда бір шартты немесе қызығуды қарастырсақта нақты қарағанда мадақтау мен жазалау жүйесіне негізделеді. Мадақтау психологиялық ерекшеліктің ұнамды қасиетінің дамуына ынталандырса, ал, жазалау теріс қылықтың шығуына кедергі болады. Егер тәжірбие жүзінде тек қана мадақтау қолданылып, жазалау қолданылмаса, онда баланың бойында сапалы, ұнамды қасиеттермен қатар, теріс қылықтар дамиды. Егер де керісінше оқу-тәрбие процесінде тек жазалау ғана қолданылса мұндай жағдай балалардың теріс қасиеттерінің шығуына жол бермеуі де мүмкін. Сонымен бірге ұнамды, сапалы қасиеттердің дамуына кедергі келтіреді. Мадақтау мен жазалауды бір-бірімен байланыстыра білсе ең қолайлы мотивацияны қамтамасыз етіп, ұнамды қасиеттердің дамуына жағдай тудырады, ал, бір жағынан теріс қылықтардың тууына кедергі жасайды. Ұстаз шәкірттің теріс істері мен қылықтарын дер кезенде көре біліп, ретті жерінде оған түрлі жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсаты- теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру. Мұның мәні де осында. Жазалауды да мадақтау сияқты аса ептілік, ерекше байсалдылықпен пайдалану қажет. Тіпте төменгі сынып оқушыларының да өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жапа шегіп, қапаланатын кездері болады. Адамның кінәсі үшін әділ жазалау кісіні қатты ойландырып, бұл оның мінез-құлқын түзете бастауға себепші болады.
Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жазаланғанда ғана босқа зәбірленбей, қолайлы көңіл-күйін басынан кешіреді. Егер ол теріс жазғырылса бұл оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол, әділеттік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін, тіпті пысқырып та қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін. Кейде оқушының көре-тұра оны жазаламаудың да кесір - кесапаты аз болмайды. Шәкірт оқыс қылықтарды әдейі жасамай, оны балалығымен, білместік, аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, енді бір оқушы мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына қарай істейді. Мәселен, бала терезенің желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны жолдасымен алысып жүріп сындырады. Бұл жерде осы екі балаға бірдей шара қолдануға болмайтыны белгілі. Өйткені, екеуінің кінәсі екі түрлі, сондықтан екеуіне екі түрлі жаза ойлап табу қажет.
Шара қолдану мәселенің түпкі себебін іздеудің басталуы қажет. Өйткені, әр уақытта да себепсіз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, адамның теріс қылықтарын айыптап тиісті жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұлардың кейбірі мына төмендегілер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет