Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда білім сапасын бақылау мен бағалау, мониторинг жүргізу Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің басты бағыттарының бірі. Білім сапасын бақылау мен бағалау, мониторинг жүргізу жөнінде министрліктің 2021 жылғы №472 бұйрығында баяндалған.
Педагогика ғылымында білім сапасын бағалауға көптеген ұсыныстар берілген. Сол ұсыныстың бірі оқушының алған білімін тест сұрақтары арқылы бағалау. Бұл әдіс тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдеріне тараған.
Осы курстық жұмыста білім сапасын бақылау мен бағалаудың, оған мониторинг жүргізудің әдістері жіктеліп айтылатын болады.
Курстың жұмысты жазу барысында педагогика және психология саласындағы көптеген ғалымдардың еңбектері пайдаланылды: С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, М.И. Божович, Н.Г. Морозова, Л.С. Славина және т.б.
Курстық жұмыстың мақсаты бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын бақылау және бағалау, мониторинг жүргізу.
Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттер туындады:
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формаларын анықтау;
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалаудың психологиялық аспектілерін зерделеу.
Зердесі бұзылған оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы қиындықтарды табу;
Мониторинг түсінігін ашу;
Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі екенін анықтау.
Психологиялық-педагогикалық теория және тәжірбиеде баға ұғымы көбіне бағалау деген ұғыммен түсіндіріледі.
Бағалаудың оқу процесінде орындайтын үш қызметі талданады, оның негізгісі – дамытушылық қызметі, функциясы.
Дамытушы бағалау ісі оқытуда қажетті психологиялық жағдайдың бірі болып табылады. Білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметтері қарастырылады. Білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде оның формасы, түрі ажыратылады. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні-оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Білімде, іскерлікті, дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет көздерінің бірі. Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі қайта талаптандыруға ұмтылу керек.
Сабақтың шынайы құндылығы – оның нәтижесі, оқушылардың материалды меңгеруінің дәрежесі.
Өзін-өзі бағалау кіші жастағы оқушының өзінің табыстары мен сәттіліктерін оқу мақсатына қарай жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік береді.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адамның оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Оны елемеу мынадай теріс құбылыстарына алып барады:
Психикалық дамудың тежелуі;
Оқытудағы психологиялық және мағыналық кедергілер;
Жаман мінездің қалыптасуы.
Жалпы алғанда бағалауды тек балдық жүйеде ғана емес. Мадақтау сөздерін пайдаланғанда оқушылардың белсенділіктері артады.