Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттер туындады


Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалауға ұсынымдар



бет5/16
Дата29.07.2022
өлшемі264,5 Kb.
#37976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1.3 Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін
бағалауға ұсынымдар

Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау ішкі бағалау құралдарының көмегімен ғана жүзеге асырылады. Оқу бағдарламаларын (оның ішінде жеке бағдарламалар) меңгеру нәтижелерін мұғалім сабақта білім беру процесі барысында бағалайды. Оқушылар оқитын Үлгі оқу бағдарламаларында қалыптастырылған оқу мақсаттары немесе жеке оқу бағдарламаларында бекітілген оқу мақсаттары бағалау өлшемшарттары болып табылады.


Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың жетістіктерін бағалау
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымдық (сабақ сайын), кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде жүргізіледі. Ағымдық бақылау жүргізу үшін педагог оқушының сабақтағы әрекетін күн сайын бақылайды, ауызша жауаптарына, практикалық және жазбаша жұмыстарына талдау жасайды. Сабақ сайын бақылау мұғалімге оқу материалының мазмұнын және оны оқушыларға түсіндіріп жеткізу әдістерін таңдауға көмектесуге тиіс, олар оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Сабақ сайын бақылау да білім алушыға қатысты ынталандыру және тәрбиелеу сипатында болады.
Кезеңдік бақылау бағдарламалық тақырыпты, бөлімді зерделегеннен кейін жүргізіледі. Педагог белгілі бір тақырыптың шеңберінде оқу материалын зерделеу нәтижелері әртүрлі типологиялық топтарға жататын ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды бірдей болмайтын түсіну және соған дайын болу керек. 1 типологиялық топтың білім алушылары (В.В. Воронкованың жіктеуі бойынша) оқу материалын меңгергенін білімдерін қолдану деңгейінде көрсетеді. 2 типологиялық топтың оқушылары – тақырыптың негізгі мазмұнын түсінгенін көрсетеді. 3 типологиялық топтың білім алушылары материалды білу деңгейінде меңгере алады және өз білімдерін жандандыру кезінде мұғалімнің көмегін қажет ететін болады [13, 67 б.].
Қорытынды бақылау тоқсанның, жылдың соңында жүргізіледі. Қорытынды тексеру жұмысының мазмұнын мұғалім оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері деңгейіне сүйене отырып анықтайды. Педагог оқу жылы ішінде әр оқушының даму динамикасы мен жетістіктеріне талдау жасайды. Пән бойынша оқу бағдарламасының әртүрлі бөлімдерінде қол жеткізген жетістіктер қорытынды жетістіктер карталарына тіркеп жазылады.
Олардың көмегімен дағдылар қалыптасқан тапсырмалар мен жаттығулар сабақ сайын, кезеңдік және қорытынды бақылау жүргізу үшін бағалау құралдары болып табылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың жетістіктерін бағалау
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін оқушыны оқытудың жеке бағдарламасында қалыптастырылған міндеттер серпіліс сәті болып табылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыны оқытудың жеке бағдарламасын құру оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне алдын ала педагогикалық баға беруден басталады. Бағалау өлшемшарттары баланың негізгі даму жүйелерінің онтогенезіне сәйкес айқындалады. Жеке оқыту бағдарламаларын іске асыру нәтижелерін тікелей мұғалім сабақтарда білім беру процесі барысында бағалайды.
Бақылау, оқыту мен тәрбиелеудің жеке міндеттерімен салыстыра отырып, оқушы әрекетінің өнімдерін зерделеу бағалау әрекеттері болып табылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау рәсімдері мынадай реттілікпен жүргізіледі:
1) білім алушылардың даму, білім мен дағдылары деңгейін алдын ала бағалау. Жеке оқыту бағдарламасын жасау үшін негіз ретінде білім алушының даму профилін жасау;
2) жетістіктері мен дамуын ағымдық бағалау. Оқыту мазмұны мен әдістерін коррекциялау мақсатында сабақ үстінде оқушылардың жұмысын күн сайын бақылау жүзеге асырылады;
3) аралық бағалау бірінші жарты жылдық аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Жеке оқыту бағдарламасына сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру табыстылығы туралы педагогтың бағалау пікірі жеке бағдарламаның тиісті бағанына тіркеп жазылады;
4) жетістіктерді қорытынды бағалау оқу жылы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Ол да сипаттамалық түрде болады [14, 88 б.].
Сипаттамалық бағалау білім алушы жетістіктерінің сапалық көрсеткіші болып табылады. Сипаттамалық бағалау жеке білім беру процесі жүзеге асырылған салаларда оқушының дамуы мен тәрбиесіне қатысты өзіндік ерекше педагогикалық есепті білдіреді. Пәнсіз оқыту кезеңінде бұл ‒ әлеуметтік дамыту және өзіне-өзі қызмет көрсету, дене дамуы, танымдық, сөйлеу тілі, сондай-ақ білім алушының әрекет түрлерінің (заттық-практикалық, бейнелеу, ойын, қарапайым еңбек және оқу) қалыптасуы. Жетістіктер оқу жылының басындағы және соңындағы оқушы профилінде жазылады. Білім алушыларды пәндік оқытуға көшірген кезде ‒ бұл әрбір оқу пәнінің саласындағы жетістіктерді және өмірлік дағдыларды сипаттау болады.
Сипаттамалық бағалау дамыту мен оқытудың қолда бар деңгейін ғана анықтап қоймайды, сонымен бірге мұғалімге оқушымен әрі қарай жұмыс істеудің алдағы қадамдарын анықтауға көмектеседі.
Оқушылардың жетістіктерін сипаттаған кезде бір немесе өзге дағдыны, әрекетті пайдаланған кездегі оқушының дербестілік дәрежесі міндетті түрде көрсетіледі. Бұл әрекетті өз бетінше толық орындау, не болмаса үлгіге сүйене отырып орындау, не болмаса мұғалімге еліктеп орындау, немесе педагогпен бірлесіп орындау болуы мүмкін. Оқыту процесін қадағалау және оның нәтижелерін тіркеу мұғалімге оқыту барысында жеке тәсілдер қолдану міндетін табысты шешуге көмектеседі. Педагог бағалау рәсімдерінің көмегімен алған ақпарат дағдылар мен біліктерді меңгеру процесінде туындайтын қиындықтарға уақытында және барабар ден қоюға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет