Белгісіз азайғышты табу үшін, азайтқышқа айырманың мәнін қосады.
Мысалы:
х – 2 = 6
х = 2 + 6
х = 8
8 – 2 = 6
6 = 6.
Белгісіз азайтқышты табу табу үшін, азайғыштан айырманың мәнін азайтады. Мысалы:
8 – х = 6
х = 8 – 6
х = 2
8 – 2 = 6
6 = 6.
Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту
Жазбашақосуалгоритмі:43 +18.
+
43
18
«Баған» түрінде жазып:
Бірліктерін қосамыз. 3+8=11, бұл 1 ондық және 1 бірлік. 1 бірлікті бірліктердің астына жазамыз. 1 ондықты ұмытпас үшін ондықтың үстіне жазып, кейін ондықтардың қосындысына қосамыз (бұл тәсілді оқушылар жаттыққанша ғана пайдаланады, кейін, жазбаша кӛбейтуді ӛткенде оқушылардың қателеспеуін қадағалау керек):
׀
+
43
18
1
Ондықтарды қосамыз. 4 онд. + 1 онд. = 5 онд. және ойдағы 1 ондықты қоссақ, 6 ондық болады. 6 ондықты ондықтардың астына жазамыз:
׀
+
43
18
61
Жауапты оқимыз: қосындының мәні 61-ге тең.
Жазбашаазайтуалгоритмі:61–43.
–
61
43
«Баған» түрінде жазып:
Бірліктерін азайтамыз. 1-ден 3-ті азайтуға болмайды. Азайғыштың ондығынан 1 ондықты аламыз. Есте сақтау үшін, бір ондықты алғанымызды кӛрсетіп, 6 ондықтың үстіне нүкте қоямыз: