59 сұрақ
Жасыл балдырлар — төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен тұщы суларды мекендейді. Тұзды және теңіз суларында, топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі.Бұлар бір жасушалы, көп жасушалы, колониялы тіршілік етеді. Жасушалары бір не көп ядролы, кейде жалаңаш, көбінесе целлюлозалы және пиктинді қабықшамен қапталған. Кейбір түрлері ірілігіне әрі тарамдалғанына қарамастан жасушаларға бөлінбеген (сифонды жасыл балдырлары). Жасушаларында хлорофилл басым болғандықтан түсі жасыл және жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей каротин, ксантофил пигменттері болады.Қор заты – крахмал, кейде май.
60 сұрақ
Жалбызтікен – биіктігі 60-150 см – ге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Өсімдіктің сыртын қалың түк басқаннан кейін оның түсі сұрғылт жасыл болады. Тамыр сабағы өте жуан,бірақ қысқа ,ал одан өте қуатты білеу тамыры өседі. Тамыры етжінді ақшыл түсті, цилиндрге ұқсас тығынынан тазартылған тамыр ұшына қарай аздап жіңішкерген ұзындығы 10-35 см, ені 2 см. Тамырдың сыртқы қабаты көлденең қабыршақталған ұзын, жұмсақ қабық талшықтарынан тұрады және қара дақтардан –өздігінен үзіліп қалған немесе кесіп алынған жіңішке тамырлардың ізі. Сындырылған бөліктің ортасы түйіршікті – бұдырлы, сырты талшықты,тамырдың сырты мен сындырылған бөлігінің түсі ақ, сарғыш ақ. Өзіндік әлсіз иісі бар. Дәмі тәттілеу.Дәрілік жалбызтікен тамырының медициналық қолданылуы: тыныс жолдарының …
Ежелден бері талдың қабығы антипиретикалық және қабынуға қарсы агент ретінде қолданылған. Бірақ өсімдіктің пайдалы қасиеттері мұнымен шектелмейді. Аспириннің белсенді заты - салицил қышқылы өз атауын латынның salix - тал деген сөзінен алады деп айту жеткілікті.
Қыша (Sinapis) [1]— орамжапырақ тұқымдасына жататын даражарнақты шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Қыша тұқымынан 35-47%-ке дейін май шығатын өсімдік. Кейбіреулерінің тұқымынан медицинада қолданылатын дәрі жасалады.
61-сұрақ.Шамшаттар тұқымдасы (лат. Fagaceae) — гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класының көпжылдық ағаш өсімдіктерінің бір тұқымдасы. Шамшаттықтардың 400-ден астам түрі бар, олардың ішінен бұрынғы КСРО-да өсетіндері: емен, шамшат, каштан және т.б.Жапырақ түсетін және мәңгі жасыл ағаштар, кейде бұталар, басым қоңыржай және субтропикалық облыстарда кеңінен тараған 8 туыс, 950 түрді біріктіреді. Шамшаттар мен емендер жалпақжапырақты орман түзетін негіз болып табылады.Бір үйлі өсімдік, гүл шоғыры дара жынысты. Гүлдері бір жынысты, дұрыс, ұсақ, гүл шоғырының негізгі осінде топтанып немесе бірден орналасады.
Гүл қоршауы қарапайым, түссіз, 4-7 жарнақта. Аталық гүлдеріндегі аталықтары бос, олардың сандары гүл қоршауының жарнақтарының санынан екі есе артады. Аналық гүлдеріндегі аналығы 3-6 жемісжапырақшалы. Түйіні төменгі. Жемісі – жаңғақ. Тұқымы ірі ұрықты эндоспермсіз. Негізгі өкілдері – емен, шамшат, каштан.
62-сұрақ.Аскомицеттер (қалталы саңырауқұлақтар Ascomycetes) - саңырауқұлақтардың ішіндегі ірі класстың бірі құрылысы алуан түрлі бір жасушалы бүршіктенетін өкілдерінен жеміс денелері биіктікте 20 см-ге дейін жететін (сморчкистрочки) макромицеттері бар. Аскомицеттердің басты ерекшелігі жыныс процесінің нәтижесінде түзілетін қалталарының (аскаларының) болуында олардың ішінде қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі.Оомицеттер-300 - дей тур жатады . Олардын мицелиі коп ядролы , коп бутактанган , мушеленбеген жіп
шумактары нан ( гифалардан ) турады . Жіп
шумактарынын кабыкша лары целлюлозадан турады , хитині болиайды. Омірінін коп болігі гаплондты жагдайда отеді . Жыныссыз кобеюі екі тал шыры бар зооспоралар аркылы жузеге
асады . Жыныстык процесі оогамиялы .
Зиготасы диплоидты . Ол оскен кезде мейоз
процесі журеді . Коптеген турлерінін омірлік
циклы сулы ортамен байланысты.
63-сұрақ.Шамшатгүлділер тұқымдасының адамға акелер пайдасы өте көп. Оны біз косметологияда, медицинада және жиһаз өндіруде қолданамыз. Медицинада оның жемісі жаңғақ пайдаланылады. Оны темір тапшылығы анемиясы үшін диетаға қосу ұсынылады. Сондай-ақ туберкулезді, тыныс алу жолдарының катаральды ауруларын емдеу үшін қолданылады.Алкоголь тұнбалары остеохондроздан, құрысулардан, сіатикадан және басқа буын ауруларынан құтылуға көмектеседі. Тұнбалар теріні қабыну процестерімен және төсек жараларымен емдейді.
Жаңғақтарды пайдалану несеп-жыныс жүйесіндегі қабынудан, анемиядан, метеоризмнен, ұйқысыздықтан құтылуға көмектеседі.
Косметологияда оның майы теріге, шашқа және тырнақ күтіміне арналған құралдарды дайындау үшін қолданылады. Майдың антисептикалық, нәрлендіретін, жұмсартатын, жасартатын, целлюлитке қарсы, тазартатын қасиеттері бар.
64- сұрақ
Қалампыр,таран,алабота тұқымдасы?
Қалампыр— қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Солардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері — 80. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі.
Таран, немесе айланшөп– тарандар тұқымдасының бір туысы. Таран көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік болып та, кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Таранның 200-ге тарта түрі бар, мұның 130-дай түрі бұрынғы КСРО-да өседі.Малға жақсы азық болып келеді.
Алабота— біржылдық шөп текті өсімдік. Биіктігі 20—80 см, кезек жапырақты, шөлге шыдамды өсімдік. Денесінде ұсақ тозаңы болады. Орталық Азияға, Қытайдың батыс бөлегіне және өзге бір түрі Сібірге көп тараған. Жемісін күзде жиып алып дәріге пайдаланады.
65-сұрақ
Қыналар дегеніміз не?
Қыналар - ерекше және ғажап ағзалар. Саңырауқұлақты жіпшумағы көк-жасыл балдырды орап жатады. Қына түсінің жасыл болуы құрамындағы көк-жасыл балдырды түсіне байланысты. Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орналастырады. Оның құрамындағы балдырларды ауадаң ылғал мен шаңды сіңіру арқылы минералды заттар түзеді. Осыған орай саңырауқұлақ зерттеушілер (микологтар) қынаны саңырауқұлақ бөлімі ретінде қарастыруда.
Қазіргі кезде қыналарды 26 мыңға жуық түрі белгілі. Қынаны зерттеушілер лихенологтар деп аталады.
66- сұрақ
Қалампыр,таран,алабота тұқымдасы мен қыналар өкілдерінің фармациядағы маңызы?
Қалампыр халық медицинасында сұранысқа ие. Асқазан-ішек аурулары, панкреатит, қант диабеті, ауыз қуысының қабынуы, тері бөртпесі және басқа да проблемалар үшін тиімді деп саналады.
Алабота бауырды қуаттандырып, көзді нұрландырады.Көптеген түрлерінен дәрі-дәрмек жасайды.
Қыналар емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңдеріне өсетін жерқынаны қайнатып, дизетерия ауруын емдеуге пайдаланады. Снымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәілік жасалады. Қыадан қант, спирт, бояу, такмус алынады.
67-сұрақ.
Дара жарнақтылар , лилиопсидтер – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады. Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі.Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш, қант қамысы, пальма, т.б. сондай-ақ әсемдік үшін егілетін қызғалдақ, лалагүл, т.б.) шаруашылық маңызы өте зор. Дара жарнақтылар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.
Қос Жарнақтылар, магнолиопсидтер – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 – 4 жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген. Көпшілігінде гүлдері 5 немесе 4 мүшелі, кейбір алғашқы қарапайым таксондарда 3 мүшелі. Тозаң түйіршіктерінің сыртқы қабығының түсі алуан түрлі; қ. Гүлді өсімдіктер.
Қос жарнақтың екі жарнағы бар ал дара жарнақтың бір жарнағы болады.Дара жарнаққа: негізінен астық тұқымдастар жатады.Ал қос жарнақтыларға:мысалы, қарбыздың дәнегі,асқабақтың дәнегі, шемішке т.б. жатады.
68-сұрақ.
Ашық тұқымдылар , жалаңаш тұқымдылар– тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. Ашық тұқымдылардың 600-дей түрі саговниктәрізділер , гинкготәрізділер, қылқан жапырақтылар және гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. Ашық тұқымдылардың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары жатады. Ашық тұқымдыларға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. Ашық тұқымдылар – ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. Ашық тұқымдылардың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай, самырсын, шырша, т.б.) шаруашылыққа маңызы зор.
69-сұрақ.
Қылқан жапырақтылар өкілдерінің бірі Шырша. Қылқан жапырақты шырша Қарағай тұқымдасына жатады және оның құрамында құнды заттардың үлкен қоры бар. Осыған байланысты ол денеге жағымды әсер етеді, атап айтқанда:
Қабынуды жеңілдетеді және тіндердің ісінуін азайтады;
Күшейтетін және иммуномодуляциялық әсерге ие;
Қалпына келтіру процестерін жеделдетеді;
Тыныс алу жүйесіне тиімді әсер етеді және өкпе ауруларына көмектеседі;
Асқазан сөлінің өндірілуін реттейді және ас қорыту аурулары үшін пайдалы;
Жүрек және тамыр белсенділігін ынталандырады;
Денені токсиндерден, улы заттардан және улардан тазартады.
Қарағай өсінділері бай құрамының арқасында адам денсаулығына айқын әсер етеді.
Бүйрекке күшті антисептикалық және қабынуға қарсы әсерге ие. Қарағай шикізаты температураны төмендетіп, қақырықты шығарады, тамақ пен тыныс алу жолдарындағы қабынуды тыныштандырады, вирустар мен микробтарды жояды.
Қарағай бүршігі жақсы холеретикалық және диуретикалық болып табылады. Оларға негізделген сусындар ағзадан артық сұйықтықты кетіріп қана қоймай, өт жолдарының тегіс бұлшықеттерінің жиырылуын ынталандырады, бұл өт секрециясының жоғарылауына ықпал етеді.Қарағай бүршіктерінің пайдалы қасиеттеріне олардың қанды тоқтату қабілеті жатады. Өркендер құрамындағы таниндердің көп мөлшері қанның қоюлануына және тромбтардың пайда болуына ықпал етеді, кейбір жағдайларда бұл ағзаға қауіпті болуы мүмкін, бірақ қан кетсе, ол айтарлықтай пайда әкеледі.Қарағай бүршігі терінің және шырышты қабаттардың зақымдануын дезинфекциялайды.
70 билет
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың 3 класы бар:
1. Хитридиомицеттер, басым көпшілігі өсімдік пен жануарлар жасушаларының ішінде паразиттік тіршілік ететіндіктен вегетативтік денелері жалаңаш плазмалық массадан (плазмодиядан) тұрады не бір жасушалы, кейде өте нашар дамыған, жасушасыз, бастама мицелий түрінде болады. Клетка қабығы хитиннен тұрады. Бір талшықты зооспорасы бар зооспорангий құрып, жыныссыз және жынысты (гаметогамия, оогамия, соматогамия) жолмен көбейеді. Табиғатта кең тараған. 3 қатарға, 90 туысқа жататын 500-дей түрі белгілі. Кейбір түрі (ольпидиум, синхитриум) а. ш. дақылдарының ауру тудырушысы
2.
3. ЗИГОМИЦИТТЕР КЛАСЫ
4. Зигомицеттерге 400 - дей түр жатады . Олардың
5. мицелилері біртұтас , перделерге бөлінбеген болып
6. келеді . Гифаларының қабықшаларында хитин болады .
7. Жыныссыз көбеюі споран гиоспоралары немесе
8. конидийлері арқылы жүзеге асады . Зоо споралары
9. болмайды . Түрлерінің барлығы жер бетінде өседі .
10. Негізгі өкілдерінің бірі мукор ( Mucor mucedo ) . Ол нан
11. да , көкөністерде , жылқының тезегінде , көңде және
12. басқада көптеген органикалық субстраттарда сапрофит
13. ретінде өседі. Гифалары біртұтас , перделерге
14. бөлінбеген , ерек ше бұтақталған , көп ядролы болып
15. келеді . Жыныссыз көбеюі шар тәрізді спорангилердің
16. ішінде пайда болатын споралар дың көмегімен жүзеге
17. асады . Споралар ылғалды субстратқа түсіп , өсіп жаңа
18. гифалар береді . Жыныстық жолмен сирек көбейеді . Ол
19. тек физиологиялық жағынан бір - бірінен айқын
20. айырмашылықтары болатын екі мицелий
21. (гетеротальды) қатар өскен жағдайда ғана жүзеге асады
71 билет
Шаңжапырақ тәрізділер
Жалпы сипаттама. Шаңжапырақтылар ең жоғары дамуға тас көмір кезеңінде жетті, ол кезде шаңжапырақтылар құрылықта үлкен территорияны алып жатты және бүкіл жер шарына таралды.
Олар алуан түрлі формада, соның ішінде үлкен сүректі өсімдіктер түрінде. Қазірге кезде шаңжапырақтылар негізінен шөптесін өсімдіктер түрінде сақталған. Сүректі өсімдіктер (ағаш) шаңжапырақтылар аздаған мөлшерде тропикада өседі.
Шаңжапырақтылардың тегі псилофиттерден шыққан олардың эволюциясында макрофилия (үлкен жапрақтылар) пайда болады. Алғашқы шаңжапырақтылардың жапырағы болмаған.
Шаңжапырақ тәрізділердің сабағы алуан түрлі. Көптеген түрлерінің сабағы жатаған, жіңішке. Шаңжапырақтылардың стелярлы құрылысы да алуан түрлі. Бұларда әртүрлі топтарда стельдің барлық типтері кездеседі (протостель, сифоностель, диктиостель, полициклия, эустель).
73-билет
Митохондрия – Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид.
Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.
Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер.Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Жасуша ішіндегі ас қорытуға және Жасуша құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады.
Вакуоль ( Vacuola cellularis, лат. vacuus - бос- қуыс)- Клетка ішінде болатын көпіршік, көбіне ішінде сұйықтық болады.
Пластидтер − өсімдік жасушасының негізгі органоиді. Олар үшке бөлінеді: хлоропластар, хромопластар және лейкопластар.
Пластидтер (грек тілінен plastides - жасайтын, түзейтін) - эукариотты өсімдік жасушасының органоидтары. Әрбір пластидада кос мембраналық құрылысы бар. Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі. Түсі бойынша жасыл пластидтер, (хлоропласттар), сары-ашық қызыл және қызыл. (хромопласттар) және түссіз, (лейкопласттар) ажыратылады.
74-билет
Қырықбуын тәрізділер
Бұл бөлімнің ағаш тәрізді түгелдей жойылып кеткен, ал қазіргі кезде флорада тек шөптесін түрлері ғана сақталған.
Гаметофиттері ұсақ, мөлшері (размері) бірнеше миллиметрден аспайтын жасыл түсті, дара немесе қос жынысты өскіншелер.
Ұрықтануы сумен байланысты болады. Ұрық тыныштық кезеңін басынан өткізбейді.
Классификациясы. Бұл бөлім төрт кластан тұрады : гиенилер класы (Hyeniopsida), сынажапырақтылар класы (Sphenophyllopsida), каламиттер класы (Calamitopsida), қырықбуындар класы (Equisetopsida). Алғашқы үш кластың өкілдері түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Қырықбуындар класының өкілдері жер шарының екі бөлігінің де қазіргі кездегі флорасында кездеседі.
76-билет.Ұрықтану типі
Қосарынан ұрықтану жүріп, гинецейдегі өзгерістерден кейін жатынның қабырғасынан жеміс, ал тұқым бүрінен тұқым жетіледі. Жеміс тұқымды (тұқымдарды) сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктердің көбею және таралу мүшесі болып табылады.
Жеміс-жеміс серіктерінен және тұқымнан тұрады. Тұқым барлық өсімдіктерде пісіп жетілгенге дейін жеміс серіктерінің іш жағында (онымен жабылып) сақталады, ал пісіп жетілген соң өсімдіктердің біраз бөлігінде жеміс серігі қақырап, тұқым сыртқа шашылады. Осыған байланысты жемістер қақырайтын және қақырамайтын деп бөлінеді.
Жеміс серігі үш қабаттан тұрады: экзокарпий, мезокарпий және эндокарпий.
Экзокарпий — жеміс серігінің ең сыртқы қабаты. Ол жатын қабырғасының сыртқы эпидермасынан пайда болады. Бұл өсімдіктердің түрлеріне байланысты түрлі түсті, жылтыр, түкті болып келеді.
Жеміс серігінің экзо- және эндокарпиінің арасындағы қабаты оның орталық бөлігін түзеді, оны мезокарпий деп атайды.
Мезокарпиі қалыңдап өсіп, етті және шырынды болуы нәтижесінде шырынды жеміс пайда болады. Жеміс серігінің үш қабаты перикарпиді түзеді. Өсімдіктердің бірінде жемістің пісуі мерзіміне қарай перикарпий құрғақ, кейбіреулерінде шырыңды болады. Осыған байланысты құрғақ және шырынды жемістер деп бөледі.
Жемістің пайда болуына гүл гинецейінен басқа мына гүл бөліктері: аталықтарының күлте жапырақшаларының және тостағанша жапырақшаларының негіздері қатысады. Мұндай жеміс жалған жеміс деп аталады.
Өсімдіктің тегіне, пайда болу жолына, негізгі құрылысына карай жеміс түрліше болады. Мысалы: нағыз жеміс, жалған жеміс, жай жеміс, күрделі жеміс, дара жеміс, шоқ жеміс т. б
Егер жеміс бір аналықтан пайда болса, онда оны жай жеміс дейді. Кейде мұндай жеміс ұяларға бөлшектеніп (бөлшекті) немесе кесе көлденең қалтарыстар арқылы бір тұқымды бунақтарға (бунақты) бөлініп кетеді. Жемістің өніп-өсуіне бір гүлдің бірнеше аналығы қатысса, онда оны күрделі жеміс дейді. Күрделі жемістер бір гүлдің құрамындағы болатын бірнеше аналықтардан (апокарпты гинецейден) пайда болады.
77-билет.Күрделігүлділер тұқымдасы
Гүлді өсімдіктердің ең көп таралған тобы – күрделігүлді өсімдіктер. Қазақстанда күрделігүлділер тұқымдасының 700-ге жуық түрі өседі. Бұлар – негізінен алғанда шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер – көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталған себетгүлден тұрады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалған тілшелі, шұқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.
Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Күнбағыс, мақсырдан өсімдік майы алынады. Ассүттіген, бөрігүл – көкөністік өсімдіктер. Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады. Жералмұрт (топинамбур) – малазықтық дақыл.
Қашқаргүл, бақытгүл, нарғызгүл (хризантема) – сәндік өсімдіктер. Күрделігүлділердің арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Оларға ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер жатады
Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі – гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлте жапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп кеткен, жоғары бөлігінен бес тісше көрініп тұрады. Себетгүлдегі тілше гүлдерден 5 ұсақ тісшелері бар тақташалардың жазылып тұрғанын көреміз. Ал жалған тілшелігүлде 3 тісшелі жазылған тақташа болады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі-айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар.
78-билет.
Бақбақты әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын,іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.
Жусанның сабағы мен тамырының тұнбасын тәбет ашуға, асқазан, ішектің қызметін жақсартатынын білген. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.
Итошаған – дәрілік өсімдік, халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады.
Түймедақ – дәрілік өсімдік, оны қабынғанға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерді тыныштандыратын дәрі ретінде және клизма жасауға қолданылады. Іш өткенде, ішек түйнегенде ішеді.
79-БИЛЕТ
Гүлді өсімдіктер — жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бөлімі, басты ерекшелігі – гүлінің, жемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы.Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады (1-сурет). Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра). Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді.Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.
80-БИЛЕТ
Қырықбуынтәріздестер бұрынғы геологиялық кезеңдерде алуан түрлі болған. Ертедегі ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып, қазіргі кезде тек шөптекті түрлері ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қырықбуын деп атаған.
Қазіргі кезде кездесетін қырықбуынтәріздестерге қырықбуын туысы жатады, онда 30-35 түр бар.
Қырықбуындар плаун секілді өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі - тамырсабақтары, түйнектер арқылы, жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Ал споралар тобы спорангийлерде орналасады. Қырықбуынның ұшында орналасатын спорангийлер тобының орны бүр деп аталады. Спора түзетін масақтарында көптеген споралар пісіп жетіледі де жерге шашылады.Бір споралардан - аталық өскіншелер, ал екіншілерінен аналық өскіншелер жетіледі. Осы өскіншелерде жынысты көбею жүзеге асады. ырықбуындар - егістік арамшөптері. Олар топырақты бүлінуден сақтайды. Қырықбуындардың бірқатар түрлері - улы өсімдіктер.
Қырықбуынның споралар түзетін масақтары мен сабақтарын тамаққа пайдаланады.
81-БИЛЕТ
Қырықбуынның адамға тигізер пайдасы өте көп. Фармациядағы пайдасын айтатын болсақ, жалпы далалық қырықбуынды мысалыға алуға болады.Далалық қырықбуын - дәрілік өсімдік. Ол халық медицинасында ертеден қолданылып келеді. Дәрілік шикізат ретінде жасыл сабақтарын жинап, келтіреді. Дәрілік шикізаты қанайналымның әлсіздігінен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолданылады.
Сұрақ 82
Жабық тұқымдылар бөлімі (покрытосеменные) – осы кездегі өсімдіктер дүниесінің ішіндегі ең кең таралғандарының бірі. Жабық тұқымды өсімдіктер өміршең келеді. Бұл қасиет олардың өзгергіштігі мен бейімделушілігінің нәтижесінде қалыптасқан. Соған байланысты жабық тұқымдылар әлемнің барлық құрлықтарында кеңінен таралған. Олардың 250 000-дай түр бар.
Гүлді өсімдіктердің тұқымы жемістің ішінде жетіледі. Сондықтан бұл өсімдіктерді жабық тұқымдылар деп атайды.Жабық тұқымды өсімдіктер - өсімдіктер дүниесінің бір бөлімі. Бұлардың көбею мүшесі - гүл. Сондықтан гүлді өсімдіктер деп те аталады.
Гүлді өсімдіктер - қазіргі кездегі өсімдіктер дүниесінің түрлерінің саны жағынан ең көп таралған тобы.
Ерекшеліктері:
- Тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана гүлдер түзіледі.
- Гүлдерде жынысты көбею мүшелері - аталықтар мен аналықтар жетіледі. Гүл түйіндерінде аналықтардың тұқым бүршіктері орналасқан.
- Тек гүлді өсімдіктерге қосарланып ұрықтану процесі тән. Аталықтың тозаңқабында түзілген тозаң дәндері аналықтардың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өсіп тозаң түтіктерін түзеді.
Сұрақ 83
Жасыл балдырлар — төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен тұщы суларды мекендейді. Тұзды және теңіз суларында, топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі.Бұлар бір жасушалы, көп жасушалы, колониялы тіршілік етеді. Жасушалары бір не көп ядролы, кейде жалаңаш, көбінесе целлюлозалы және пиктинді қабықшамен қапталған. Кейбір түрлері ірілігіне әрі тарамдалғанына қарамастан жасушаларға бөлінбеген (сифонды жасыл балдырлары). Жасушаларында хлорофилл басым болғандықтан түсі жасыл және жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей каротин, ксантофил пигменттері болады.
84 сұрақ
Косметологияда терінің қартаюы қартаюға қарсы тері күтімі құралдарын жасауда қолданылады. Олар антиоксиданттар болып табылады және организмдегі тотығу процестерінің алдын алады. Сонымен қатар, осы өсімдіктер құрамындағы каротиноидтар мен полисахаридтер теріні ылғалдандырады және көтергіш әсерге ие.Қызыл балдырлар қабынуға қарсы қасиеттеріне байланысты медицинада да пайдалы.
85 сұрақ
Көкек мүгі "жасыл мүк" деп те аталады. Көкек мүк жапырағы, сабағы бар мүктер тобына жатқызылады. Себебі көкек мүгінің сабағы мен жапырағы болады. Жасыл мүк топырақтың бетін тұтастай жауып жатқандықтан,басқа мүктерді ығыстырады. Бойна ылғалды көп сіңіреді. Бұл орманның батпаққа айналуына көмектеседі. Жасыл мүк екіүйлі өсімдік. Аталық өсімдік көпжылдық, ал аналық өсімдік біржылдық болып келеді. Жасыл мүктің биіктігі 40см. Сабағында бұтақтанбайды. Сабағына тірек ұлпасы болады. Сабақтың ортасында қарапайым өткізгіш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді.
Жасыл мүктер басқа жасыл өсімдіктер секілді ағзалық зат түзіп, қоректенеді. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда еріген минералды заттарды сіңіреді. Жапырақ жасушаларында хлорофилл дәндері бар. Жапырақтар арқылы ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Соның нәтижесінде олардың хлоропластарында фотосинтез үдерісі жүріп, ағзалық зат түзіледі. Жасыл мүк жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Біріншісі жыныс жасушалары арқылы көбею, екіншісі спора арқылы көбею.
Достарыңызбен бөлісу: |